Қызықты волейбол жарысы!
8 Наурыз халықаралық аналар, әйелдер мейрамы қарсаңында , Текелі қаласы №5 орта мектеп КММ әйел мұғалімдер арасында волейболдан 7 мектеп командалары арасында қызықты жарысы өтті.Жарыстың ашылуын қалалық спорт бөлімінің басшысы Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы мен Қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Малчабаева Роза Бекболатқызы сөз алып барлық жарысқа қатысушы командаларды келе жатқан 8 наурыз халақаралық аналар мейрамымен құттықтап жарыста сәттілік тіледі.Ойын орталықта орналасқан №5 орта мектеп КММ ордасында өтілді. Орда басшысы Иманбердиева Эльмира Сейдахметқызы сөз алып барлық жарысқа қатысушы командаларға жеңіс тіледі.Барлығы 7 командадан тұратын қызу ойын өтті. Денешынықтыру саласына қатты көңіл бөлініп,осы саланы жоғары деңгейге көтереміз деген елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы іске асып жатқанын осыдан байқауға болады.Барлық командалар арасында үздігі анықталып №5 орта мектеп әйел мұғалімдер командасы І орынға ие болды.Басшысы Иманбердиева Эльмира Сейдахметқызы өзі де №5 орта мектеп командасында үздік ойыншы қатарында жақсы ойын көрсетіп мақтау қағазымен марапатталды.. Сонымен қатар №5 орта мектеп командасында үздік ойыншы қатарында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Сакенова, информатика пәні мұғалімі Н.Болатова жақсы ойын көрсетіп мақтау қағаздарымен марапатталды. Жарыста ІІ орынға ие болған Текелі қаласы кәсіптік колледжі командасы иеленіп, үздік ойыншы Горшкова Ксения марапатталды. Ойын қызу жалғасып жүлделі ІІІ орынды №3 орта мектеп командасы өз қанжығаларына байлады, үздік ойыншы Крылова Светлана мақтау қағазымен марапатталды.Жарыс соңында Қалалық кәсіподақ ұйымының басшысы Малчабаева Роза Бекболатқызы сөз алып барлық жарысқа қатысқан командаларға алғысын білдіріп мақтау қағаздары мен сыйлықтарын таратты.
Болатова НұргүлТекелі қаласы