
Студентті кәсіподақ ұйымы «Жайдарман» жастарымен бірге
27 ақпан күні Атырау гуманитарлық колледжінде студенттік бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенділері және колледждің «Эврика» жайдарман құрамасының ұйымдастыруымен бөлімаралық Жайдарман ойындары болып өтті .
Ойынға «МДТ», «Онлайн», «Айхай», «Чупа –чупс» жайдарман топтары қатынасып, «Сәлемдесу» тапсырмасы бойынша өз өнерлерін көрсетті. Бүгінгі қоғамның кейбір тұстарын студенттеріміз осы ойын арқылы көрсете алды.
«МДТ», «Онлайн», «Айхай» құрамаларына белсенділіктері үшін сертификаттар берілсе, ал «Чупа –чупс» құрамасы «Үздік жайдарман құрамасы» номинациясын жеңіп алды.
«Үздік ойыншы» номинациясында әсем ойынмен көзге түскен Зулхашева Қарлығаш, Мырзагулов Аян лайықты деп танылды.
Жайдарманшы жастарымыздың саны артып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысушы студенттеріміздің қатары көбейе беруін тілейміз.
-
Фото
-