
Айналаға көзқарас
27 ақпан күні Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Студенттік кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен "Айналаға көзқарас" тақырыбында студенттердің жұмыстарының көрмесі болып өтті.
Көрменің басты мақсаты колледж студенттерінің арасында шығармашыл жастарды анықтау, жастардың айналаға, қазіргі қоғамға деген көзқарастарын сурет арқылы бейнелеуіне қолдау таныту
Көрмеге өнерлі студенттердің туындылары қойылды.
Барлық қатысушыларға ұйымның алғыс хаты, үздіктерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
-
Фото
-