ЕРТІС АУДАНЫНДА БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК КҮНІ ӨТТІ
2016 жылдың 23 ақпанында №1 Ертіс ЖОББМ базасында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің күні өтті.
Бүгінгі таңда білім мекемелерінің басшылары мен қызметкерлердің өкілдері үшін өзекті болып табылатын мәселенің бірі – Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңын жүзеге асыру, білім ұйымдарындағы еңбекті қорғау жағдайы, еңбек қарым-қатынасы, педагог қызметкерлерінің мәртебесін жоғарылату жөніндегі әлеуметтік әріптестік тараптарының бірлескен әрекеттері туралы сұрақтар. Әлеуметтік әріптестер қаншалықты келісілген түрде жұмыс жасайды, бір тараптан жұмыс беруші, екінші жақтан кәсіподақ, қаншалықты заңнама нормалары сақталатын болса, білім беру саласы қызметкерінің хал-жағдайы, олардың құқықтық қорғалуы және ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалының деңгейі соншалықты тәуелді. Кәсіподақ мүшелері үшін басшының біліктілігі, кәсіподақ комитеті төрағасының құқықтық сауаттылығы жайлы аймақ жасайды.
Қоғамдық бірлестік күнінің бағдарламасы 2 бөліктен құралған: Ертіс ауданының білім мекемелерінің басшылары мен кәсіподақ комитетінің төрағалары үшін «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін жүзеге асыру жөнінде әлеуметтік әріптестердің әрекеттестігі туралы» семинар өткізілді.
Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының қоғамдық қабылдау жұмыстары ұйымдастырылды. Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының заңгері Гүлшат Оралқызы Жәркенова жаңа еңбек заңнамасы жөнінде кеңес берді. Ертіс ауданы білім беру бөлімінің бас экономисі Гүлзира Тілеубергенқызы Какеева білім саласындағы қызметкерлердің жаңа еңбекақы төлеу мәселелері жөнінде түсініктеме кеңесін берді.
Семинар жұмысын Ертіс ауданы білім беру бөлімінің басшысы Жанарбек Табылдыұлы Тоқтарбаев ашты. Аталған іс-шараның өзектілігін белгілеп Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһанды нақтылықта: өсу, даму реформалары» атты халыққа жолдауын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін зерттеп жүзеге асыруын орындау жөнінде басшылар алдында нақты міндеттер тұрғанын атап өтті.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы Г.О. Жәркенованың жаңа Еңбек заңнамасына сәйкес ұжымдық келісімдерді жасау тәртібі туралы нақты айтқан сөзін тыңдаушылар үлкен қызығушылық зейінмен қабылдады. Әлеуметтік кепілдеме, қызметкерлердің жағдайларын жақсарту мақсатында, ұжымдық келісімдерге енгізу үшін көптеген ұсыныстар ұсынылып, тыңдаушылар назарына нормативтік база жеткізілді.
Қоғамдық бірлестіктің филиалы Ертіс кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Қ. Масалимова өзінің «Білім ұйымдарында Өндірістік кеңес жұмысын ұйымдастыру, еңбек жөнінде техникалық инспектордың рөлі мен қызметі туралы» айтқан сөзінде жаңа Еңбек кодесін түсіндіру жөнінде осы өткізілген кездесудің әлі де жалғасын табады деген ой-пікірін атап өтті. Осыдан біраз бұрын қатысушыларға Еңбек заңнамасын жүзеге асыру үшін кәсіподақ комитеттеріне қандай әрекеттер қабылдауы қажет екені туралы ұсыныстар таратылған болатын.
Енді міне тәжірибелік іске кірісу уақыты да жетті. Еңбек кодексін жүзеге асыру тармағының бірі – техникалық инспектор кандидатурасын бекітуімен Өнірістік кеңес қызметін ұйымдастыру.
Аталған семинардың қатысушылары ұжымдық шарт құрастырудың, Өндірістік кеңес құруының адымдаған бағдаржолын алды.
Қоғамдық бірлестіктің бас маманы Б.Г. Бейсенова дайындаған «Кәсіподақ ұйымын тиімді басқару» мәселесінде кәсіподақ ұйымының негізгі сәттерін ашты: ұйымдастырушы жұмыс, жоспарлау, ақпараттық жұмыс. Кәсіподақ көшбасшысының атауы мен кәсіподақ ұйымы қызметінің нәтижелігінің арасындағы өзара байланысты көрсетті.
Кәсіподақ билеттерін ауыстыру жөнінде нұсқаулық өткізілді.
Қоғамдық қабылдауда еңбек заңнамасы және жаңа еңбекақы төлеу жүйесі жөніндегі сұрақтарына білім беру ұйымдарының 11 қызметкері кеңес алды.
Аталған іс-шараға Ертіс ауданы білім беру мекемелерінің 71 қызметкері қатысты, ұсынымдар жетілдірілді. Тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.
Ертіс аудандық білім қызметкерлерінің
кәсіподақ ұйымы А.Қ.Масалимова
-
Фото
-