Семинар болып өтті
Оңтүстік Қазақстан облысы білім қызметкерлері, Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейдің мәжіліс залында аудандағы білім мекемесіне қарасты барлық бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілерімен (төрағаларымен) семинар болып өтті. Семинардың жұмысын аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Қанатбаев жүргізіп отырды. Семинар жұмысына арнайы шақырылған ОҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов пен ОҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің заңгері Б.Еркінбековті таныстырып, оларға сөз берді. Олар: Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар туралы Заңын, Салалық бастауыш кәсіподақтар туралы Ережені, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі және ұжымдық, еңбек шарттары туралы айтып, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Білім қызметкерлері Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Қанатбаев, аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері аудандық кәсіподақ комитеті арасындағы жасалған «Әлеуметтік әріптестік туралы келісімді» таныстырды. Ұжымдық шарттардың үлгілерін экран арқылы көрсетіп, олардың ерекшеліктеріне тоқталды, берілген сұрақтарға жауап берді.
Семинар жұмысы қорытындыланып, барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарына қазақша және орысша тілдерінде Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексі кітап түрінде, электронды түрде аудандық білім бөлімі мен бөлім қызметкерлері аудандық кәсіподақ комитетінің арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісіммен, ұжымдық шарттардың үлгілерін және тағы басқа нормативтік құжаттар таратылды.
-
Фото
-