Жаңа Еңбек Кодексінің жаңашылықтары-Еңбек заңнамасын дамыту
Аудандық кәсіподақ комитеті өзінің мүшелері арасында қоғамға қызмет ету арқылы әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, білім саласының дамуына қосқан үлесі зор.
Елімізде қабылданған жаңа Еңбек Кодексі Ұлт жоспары —100 нақты қадамды іске асыруды және еңбек қатынастары жүйесін жаңғыртуды көздейді. Жаңа Кодексте көптеген өзгерістерді қоғамымыздың әрбір мүшесі білуі керек. Осыған орай қоғамдық ұйымдар, оның ішінде еңбек адамдарының құқын қорғайтын кәсіподақ ұйымдары өз ұжымдарын жаңа құжатпен таныстырып, жұмыстарын жүргізуде.
17 ақпан күні № 8 Өтеген батыр атындағы орта мектебінде де осы мақсатпен кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған семинар өтті. Семинар Еңбек Кодексін тереңірек түсінуге және күнделікті тәжірибеде қолдануды үйретуге арналды.
Семинарда мектеп директоры Қ.Қ. Қыпшақбаева бүгінгі уақыттың талабына байланысты өзгерістермен қабылданған еңбек қатынастары туралы, ұжымдық келісімшарттар жасау, еңбек қатынастары мәселесінде жұмысшы-қызметкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жаңа заңға сүйеніп түсінік берді. Мектеп басшысы жаңа Еңбек Кодексінің ережелеріне, еңбек қатынастарын реттеуге қатысты семинарға қатынасушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Мектепте еңбекті қорғауды ұйымдастыру бойынша мониторинг жүргізіліп, оның нәтижесінде еңбек құқығын бұзушылыққа жол берілмегені туралы және жұмыс беруші қызметкерлерді арнайы киіммен қамтамасыз ету, тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасалғаны туралы жаңа кодексте айқындалған еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор толық ақпарат берді.
Семинар барысында: Еңбек Кодексіндегі қызметкерді жұмысқа қабылдаудың шаралары мен тәртіптері, жұмыс берушінің бастамасы бойынша Еңбек шартын бұзудың негіздері, сынақ мерзімі сияқты мәселелер талқыланды.
Адам құқығы, оның қорғалуыжөнінде біздің орта мектебімізде тәртіп орнатылған, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол берілмейді. Еңбекті қорғауды және жұмыскерлердің денсаулығын нығайтуды жақсарту ұстанымдарына негізделген.
Біздегі Кәсіподақ ұйымы қызметінің аса маңызды бағыты – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселерлеріне баса назар аударуды қамту мен күшейту, жұмыс беруші және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау.
Жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайын жасауы, түпкі нәтижесінде еңбек жарақатын болдырмау, көзделген жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың тиімді жүйесін құру, яғникәсіподақ заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру арқылы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясатты әрі қарай дамыту мен күшейту мақсатындағы қызметін жалғастырады.
№ 8 Өтеген батыр атындағы орта мектебінің
кәсіподақ төрайымы: Э.Е. Кереева Қордай ауданы Жамбыл облысы