
Оқу-семинары
Темір аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында 2016 жылдың ақпан айының 4- жұлдызында Қазақстандық салалық білім және және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының 2016 жылғы жоспары бойынша Еңбек кодексінің заңдылықтары тақырыбында аудандық оқу-семинары ұйымдастырылды.
Семинар мақсаты: 2016 жылғы Еңбек кодексінің заңдылықтарымен білім беру мекемелерінің қызметкерлерін таныстыру.
Аудандық семинарға білім бөлімінің басшысы, заңгері, кадр бойынша бас маман 40 білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ төрағалары және есепшілер қатысты,6 білім беру мекемелерінің басшылары,кәсіподақ төрағалары ауа-райының қолайсыз жағдайына байланысты оқу-семинарға қатыса алмады.
Семинарда Қазақстандық салалық білім және және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының бас маманы А.Алимпев Еңбек кодексінің заңдылықтарымен таныстырды. Оның ішінде ұжымдық шартқа, жеке еңбек шарттарының заңдылықтарына да жеке-жеке тоқталды.
Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды.Сұрақтар қанағаттандырылып отырды.
Семинарға барлығы 91 кәсіподақ мүшелері қатысты.