Оқыту семинарлары дағдыға айналды
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы жанындағы Облыстық кәсіподақ көшбасшысының педагогикалық мектебі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жаңа нормаларын талқылау жөнінде семинар жұмыстарын бастады.
2016 жылғы 5 ақпанда Қоғамдық бірлестік құрамына кіретін филиалдар мен облыстық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына (төрайымдарына) «Еңбек кодексін жүзеге асырудағы кәсіподақ органдарының рөлі» тақырыбында оқу ұйымдастырылды. Семинарды «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» АКБ-нің төрағасы Н. Рамазанов ашты.
Семинарда ұжымдық шарттарды бекітудегі келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестік әрі қарай дамыту, Өндірістік кеңестерді құру, техникалық инспектор жұмыстарын ұйымдастыру, еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру шаралары туралы мәселелер қарастырылды. Қатысушылар үшін топтық жұмыстар ұйымдастырылып, аталмыш бағыт бойынша тәжірибелік іс-әрекет алгоритмдері дағдыландырылды. Сонымен қатар кәсіподақ билеттерін ауыстыру жөнінде де тиісті ақпарат берілді.
Аталмыш оқу-семинарды ҚР КФ-ның оқу орталығында, Халықаралық семинарларда, Салалық кәсіподақтың семинар-кеңестерінде дарялық өтіп, оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін игерген тренерлер жүргізді.
Семинарды қорытындылай келе, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Г.Ә. Наурызбаева білім саласындағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауда кәсіподаққа үлкен жауапкершілік артылғанын және кәсіподақ имиджінің жағымды жақтарын ұлғайту шараларын атап өтті. Қызметкерлердің жағымды сезінуінің деңгейі, олардың құқықтық қорғалуы және моральдік-психологиялық климаты әлеуметтік әріптестіктің келісімді түрде жұмыс істеуіне көп байланысты.
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Железин ауданында Қоғамдық бірлестік күні өтті. Бағдарламаға сәйкес ауданның білім беру ұйымдарының басшылары мен кәсіподақ белсенділері арасында «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін жүзеге асрыудағы әлеуметтік әріптестердің өзара әрекеті туралы» тақырыбында оқу және қоғамдық қабылдау жұмыстары өткізілді. Қоғамдық қабылдауда еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мен еңбек заңнамасы тақырыбында білім беру мекемелерінің 15 қызметкері консультация алды.
Бұл тәрізді семинарлар Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында, Баянауыл, Качир, Павлодар аудандарында да өткізілді.
Алдағы уақытта ұжымдық шарттарды жасау және Өндірістік кеңестерді құру жұмыстары жөніндегі оқулар басқа да аудандарда ұйымдастырылмақ.
-
Фото
-