Патриоттық әндер
2016 жылдың 8-10 ақпан аралығында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Махамбет аудандық комитеті» филиалы Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтайтын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтатын, Отанымыздың намысын, бостандығын, тәуелсіздігін қорғауға үйреніп, қарулы күштердің даңқты жауынгерлік дәстүрлерін алға апаратын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Махамбет ауданының Есбол, Алмалы орта мектептерінің және Д.Төленов атындағы мектеп - гимназия базаларында «Елім менің» атты аудандық патриоттық әндер байқауын ұйымдастырды.
Байқауға аудан мектептерінің 6-8 сынып оқушылары қатынасты.
Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-
Фото
-