
Ақтөбе облысындағы Алға облыстық балалар үйінің Жаңа жыл мерекесіне арналған шара
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Р.Серікова, жетекші маманы А.Серимбетов, Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрайымы И.Сакауова 2016 жылдың 15 қаңтар күні Ақтөбе облысындағы Алға облыстық балалар үйінің Жаңа жыл мерекесіне арналған шараға қатысты.
Бұл жолы Жаңа жыл мерекесі ерекше өтті. Әр топ Қазақстанның оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс аймақтарына бөлініп, бөлінген аймақтар өздері туралы кеңінен таныстырып, мақтаныштары мен байлықтары туралы ашық көрсетті. Қонақтарды «АДД» пойызының жолсерігі дәлізден күтіп алып, еліміздің әр аймағымен таныстырып, балалардың топта дайындаған шағын мерекелік қойылымдарын тамашалатты. Бұдан әрі мерекелік қойылым жалғасын тауып, әсем безендірілген акт залдағы мерекелік концерпен жалғасты. Сахналық қойылымдар, ертегі кейіпкерлері балалардың көңілінен шығып, демеушілер өздерінің балаларға арнайы әкелген Жаңа жылдық сыйлықтарын барлық тәрбиеленушілерге түлгелдей таратты. Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университетінің педагогикалық мамандығы бойынша 2016 жылы түскен Алға облыстық балалар үйінің бір түлегіне оқыту сертификатын табыстады. Жалпы осы уақытқа дейін Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы қорынан Алға облыстық балалар үйінің 3 түлегі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университетінде оқытылып, қазіргі таңда өз мамандығы бойынша білім мекемелерінде еңбек етуде.
-
Фото
-