Жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен кеңейтілген кеңес мәжілісі өтті
13.01.2016 ж. ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен кеңейтілген кеңес мәжілісі өтті. Мәжіліске барлық аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары, бірқатар оқу орындарының директорлары, кәсіподақ активтері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Мәжілісте, 5 адамнан алқа мүшелерінің құрамы сайланды. Осы алқа мүшелерінің құрамына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің төрағасы Шалқар Әшірбек Қиянтайұлы енді.
-
Фото
-