Білім қызметкерлерінің Бурабайдағы қысқы демалысы
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы 51 кәсіподақ көшбасшыларына, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан сала қызметкерлеріне және балаларына 03.01. – 07.01.2016 жыл аралығында Көкшетау облысы, Щучье ауданындағы Қатаркөлінің жағалауында орналасқан «Лесная сказка» тынығу орнында қысқы демалыс ұйымдастырды.
Демалушылар Бурабайға экскурсияға шығып «Хан асары», «Оқжетпес», «Жұмбастақ» т.б көрікті, әсем жерлермен танысты. Абылай хан алаңыдағы мұражайға барып, тарихымен толығырақ мағлұмат алды.
Мұғалімдер, балалар конькимен сырғанап , шаңғы теуіп денсаулығын шынықтырды. Қысқы демалысты көңілді де, қызықты өткізді.
-
Фото
-