Мектеп директорларының облыстық тәжірибе алаңы
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы мен Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе отырып 2016 жылдың 02-05 қаңтар аралығында мектеп директорларының облыстық тәжірибе алаңын ұйымдастырды.
Тәжірибе алаңы «Жаңақорған» шипажайында облыс мектептерінің 80 директорының қатысуымен өткізілді. Тәжірибе алаңының мақсаты: ҚР Еңбек кодексін түсіндіріп талқылау және мекеме басшыларының бір бірімен өзара тәжірибе алмасуы болатын.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАЙ директоры Б.Т. Елеусинов пен Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Р.М.Байназарова жиынды ашты.
Үш күнге созылған тәжірибе алаңының бағдарламасына сәйкес «Ұжымдық шарт-ынтымақтастық кепілі» Г.Б. Ескалиева, «ҚР еңбек кодексінің негізгі ерекшеліктері мен жаңалықтары » Н.Б. Утегенова, «Мектеп басшысының кәсіби өсуіндегі рефлексияның маңызы Workshop» Е.Дүйсенбаев, «Мектеп басқарудағы СУОТ- талдау ерекшеліктері» Ә.Қожантова, «Мектеп басқарудағы СМАРТ» Ж.Жұбауова, Қ.Есекеева, «Жаңаша оқытудағы сабақты талдау» Р.Набуова, О.Ормановтар осы тақырыптар бойынша дәріс оқытылды. Сонымен қатар шеберлік сыныптары, «Идеялар аукционы», «Үздік коучинг-2015» байқауы, «Брейн-ринг-2015» ойыны және ғылыми –әдістемелік конференция ұйымдастырылды.
Мекеме басшыларының өнерден де қабілеттерін байқау үшін ауыл кеші көңілді, поэзия кеші – өз шығармаларынан үзінділер оқылып және түрлі тапсырмалар беріліп пародиялар мен көріністер тамашаланды.
Тәжірибе алаңының қорытындысы бойынша топты жарып өзін көшбасшы ретінде көрсете білген мектеп директорлары алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
-
Фото
-