
Ақтөбеде оқу семинары өткізілді
Қобда ауданында 2015 жылдың 11 желтоқсанында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің еңбек құқығы жөніндегі маманы Алимпиев Александр Львовичтің қатысуымен «Жаңа Еңбек кодексінің концептуальдық моделі және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі» тақырыбында оқу семинары өткізілді.
Семинарға білім бөлімінің басшысы, білім бөлімінің кадр жөніндегі бас маманы және мектеп басшылары, мектепке дейінгі мекемелердің басшылары және кәсіподақ төрағалары, барлығы 73 адам қатысты.
А.Алимпиев аталған тақырып бойынша қарапайым тілмен Еңбек кодексі туралы және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі туралы тыңдармандарға көп мәлімет жеткізе білді.
Семинардың соңы сұрақ-жауап түрінде өтті. Берілген сұрақтардың барлығына нақты мысалымен жауап берілді.
Семинар соңынан білім бөлімінің басшысы, мектеп директорлары көкейде жүрген сұрақтарына жауап алғандығын және жұмыс барысында қолданылатын лекциясы үшін А.Алимпиевке рахметін айтып, ризашылықтарын білдірді.
-
Фото
-