
«Жұректен - жүрекке» аттын қайырылымдылық шара
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Әділет» кәсіподақ ұйымы мен университет белсенді жастары бірігіп «Жайсаң» балалар үйіне барып, іс-шара ұйымдастырып балалардың көңіл күйін көтерген болатын. Аталмыш шарада университет белсенділерімен «Тұмар» жастар театры әр-түрлі анимациялық костюмдер киіп балалармен ойын ұйымдастырып, ән салып, би билеп, сонымен қатар шағын асханада отырыс өткізді. «Әділет» студенттік кәсіподақ ұйымы арнайы балаларға арналған мектеп құралдарын, канцеляриялық тауарларын үлестірді.
«Жайсаң» балалар үйінің бүлдіршіндерімен естелік суретке түсіп, интернат директоры зор алғысын білдірді.