Жаңа заңның жарылқары мол
Елбасымыздың ауқымды реформасы аясында еліміздің еңбек кодексі қайта жаңғыртылды. Соған байланысты өңірлерде осы заңды халыққа түсіндіру жұмыстары қарқын алуда. Сол себепті Қазақстандық білім және ғылым қызыметкерлері салалық кәсіподағының төрайым орынбасары Виктор Беженаров облысымыздағы аудандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Еліміз жаңа сындарға,заман талабына сай болып,нық қадаммен алға дамуы үшін елбасымыз «ұлт жоспары-100 нақты қадам»атты бес интитуционалдық реформасын жасап шыққандығы бәрімізге белгілі. Ал осы реформаның 83 қадамында еңбек кодексін жаңартудың міндеті айқын көрсетілген. Осыған орай еңбек кодексі әр тараптың жаппай талқылауымен кемшіліктері түзетіліп,шыт жаңа,халық мүддесін қорғайтын еңбек кодексі түзіліп шыққандығын Виктор мырза облыс халқына паш етіп,түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы іс-шара ауқымында Қарасай,Талғар,Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарын аралап, ондағы мектеп директорларымен кәсіподақ төрайымдарына, кәсіподақ мүшелеріне, білім бөлімінің қызметкерлеріне аталмыш заң туралы мағлұмат беріп,пікірлерін тыңдады.
Жұмыс екі бағытта жүргізілді. Бірінші:жаңа еңбек кодексі туралы, екінші:оқытушылардың айлық жалақысын көтеру жөнінде.
Іс-шараға келген қауым алдымен Беженаров мырзаның айшықты түсіндірулерін бар ынтасымен тыңдады. Жаңа заңда кәсіподақтың рөлі айқындалғандығын, 19-баптағы»Кәсіподақтар туралы» Заңғасай еңбеккерлердің мүддесіне кәсіподақ ұйымдары , еңбек қатнастарындағы рөлі мен міндеттеріде көрсетілгендігін және үстеме жұмыстарға төленетін еңбекақы мөлшерінің 1.5 еседен төмен болмайтындығын, мұғалімдердің жалақысы недәуір өсетіндігін, көне заңда жұмыс берушінің мүддесін асыратын жерлер көп еді,қазір ол олқылықтар түзетіліп, мүддесін қорғау назарда ұсталғандығын, тағы басқа жаңалықтардан көпшілік хабардар болды.Соңынан өздерінің түйткілді сұрақтарын қойып жатты. Ол барлық сұрақтарға аса салмақтылықпен жауап беріп,шешен тілімен халық көңілінен шыға білді. Тіпті кейбір ұтымды ұсыныстарды да бей-жай қалдырмай қағаз бетіне түртіп алып отырды.
Отырыс соңында ол «жаңа жылдан бастап осы жаңа кодекстің игілігін көреміз. Елбасымыз халық мүддесін ең жоғары қойып отыр»деп сөзін аяқтады. Бүгінгі таңда Еңбек кодекісінің жаңа қалыпқа енуі тек жұмысшы қауымға ғана емес, кәсіподақтың да рөлі арта түспек. Олай болса жаңа заң қағидаларын жүзеге асыру мақсатында кәсіподақ белсенділері тәжиірбелерін нығайтып,шарттардықалыптастыру барысында келіссөз жүргізу, талаптар қою үшін кәсіби экономикалық және құқықтық білімді ды қажет етеді.
Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Алматы облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің Талғар аудандық комитеті Филиалының төрайымы Г.К.Хасенова.
-
Фото
-