.jpg)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының Райымбек атындағы орта мектебінде мұғалімдер арасында облыстық көркемөнерпаздар байқауы өтті
2015 жылдың 9 қарашасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының Райымбек атындағы орта мектебінде мұғалімдер арасында облыстық көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқауды өткізу барысында 2015 жылдың атаулы мерекелері еліміздің тәуелсіздігі үшін маңызды орын алатындығы айтылды. Қазақ хандығының 550 жылдығы, ата заңымызға және Қазақстан халықтары ассамблеясына 20 жыл толғандығы ерекше аталып өтті. Шараға Еңбекшіқазақ ауданы, Қарасай ауданы, Жамбыл ауданы, Іле ауданы, Талғар аудары қатысты. Әр аудан музыкалық аспапта ойнау, эстрадалық ән, шығыс биі номинациялары бойынша өнерлерін көрсетті. Байқаудың ашылу салтанатын сөз “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Алматы облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омашев Асан Жұмақанұлына берілді. Облыстық байқау Еңбекшіқазақ ауданында өткендіктен оның ойдағыдай өтуі мен қонақтарды қарсы алу «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Алматы облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы С.Д.Надырбавқа жүктелді.
Байқау эстрадалық ән номинациясымен аяқталып, әділ қазылар алқасы орындарды белгіледі. Әр номинация бойынша бас жүлде, 1 орын, 2 орын және 3 орын тағайындалды. Жүлделі орындарға және барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.