
Студенттер күніне арналған шара
2015 жылдың 17 қараша күні Атырау қаласының Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттік кәсіподақ ұйымы және тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен ««Мәңгілік Елдің бастауы - елімнің жарқын жастары»» атты дәстүрлі студенттік билет тапсыру кеші болып өтті. Кешті колледж студенттері ДжубаткановТәжібиден және Жандос Темірғалиев жүргізді.
Алғашқы құттықтау сөзді колледж директорының міндетін атқарушы Усербаева Мақсат Кемалқызы алып, барша 1 курс студенттерін «студент қатарына қосылуымен» құттықтады.
Сондай-ақ колледждің қоғамдық-мәдени өмірінде белсенділік танытып, оқуда үздік нәтиже көрсетіп жүрген белсенді студенттерді колледж директорының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапаттады.
-
Фото
-