Жүзден жүйрік!
2015 жылғы 11 қарашада Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы «Үздік кәсіподақ көшбасшысы - 2015» республикалық конкурстың облыстық турын өткізді.
«Үздік кәсіподақ көшбасшысы - 2015» атты республикалық байқауды өткізу Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ХІІІ съезінің шешімін жүзеге асыру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандыру, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы кәсіподақ комитеттерінің рөлін арттыру мақсатында; бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы төрағаларға (төрайымдарға) тәжірибелік көмек көрсету, кәсіподақ ұйымдарындағы үздік жұмыс тәжірибесін жан-жақты тарату мен зерттеу болып табылады.
Қалалық және аудандық іріктеу турларының жеңімпаз атанған үздік он бір бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары кәсіподақ көшбасшысында таныстыру, көркем шығарма конкурстарында бәсекеге түсіп, еңбек заңнамасынан өз білімдерін сынға салды.
Қатысушылардың презентацияларына (көрсетілімдеріне) қарай отырып, олардың кәсіподақ ұйымдарындағы үздік қолбасшы екенін көреміз, ал қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауда олардың үлестерін ерекше атап өтуіміз керек. Қатысушылардың музыкалық және театрлық қойылымдары олардың көшбасшы атануында шығармашылық тұлға болу керектігін де дәлелдеді.
Алайда сайыстың аты сайыс. Жүзден жүйрік болып Павлодар қаласының «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мака Даудовна Евлоева танылды. Сонымен бірге жүлдегерлер қатарында келесі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары белгілі болды:
- бірінші орын – Хаджимуратова Гүлмира Теміртасқызы, облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты;
- екінші орын – Әмірова Жанна Төлеутайқызы, Ақсу қаласы №4 жалпы орта білім беру мектебі;
- үшінші орын – Мұсанова Қайырпану Қабешқызы, Шарбақты ауданы Арбиген жалпы орта білім беру мектебі.
Алдымызда әлі үлкен сайыс бар, ол – республикалық конкурс. Мака Даудовна Евлоеваға сәттілік тілейміз!
«Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Павлодар облыстық ұйымы»
ҚБ-нің баспасөз қызметі
-
Фото
-