Семинар-тренинг Атырау қаласында
2015 жылдың 4 қараша күні Атырау қаласында, 5 қараша күні Индер ауданында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы «ҚРФК оқыту зерттеу және дауларды реттеу орталығының» ұйымдастыруымен «Заманауи кезеңдегі кәсіподақтың орны: жаңа жағдайдағы ерекшеліктері» тақырыбында семинар – тренинг өтті.
Семинар жұмысын Еңлік Нұрғалиқызы Нұрғалиева - заң ғылымдарының докторы, Евразиялық университетінің профессоры және Лауэра Зәкиқызы Ахметжан - «ҚРФК оқыту, зерттеу және дауларды реттеу орталығының» оқыту жөніндегі басқарма басшысы жүргізді.
Аталған семинар – тренингке облыстық білім беру ұйымдарынан барлығы 200 кәсіподақ белсенділері қатынасып, Еңбек туралы жаңа Кодекстің жобасы бойынша сұрақтарға тұжырымды жауаптар алды.
Сонымен қатар семинар – тренинг қазіргі кезеңдегі кәсіподақтың орны, жаңа жағдайдағы ерекшеліктері, көшбасшының рөлі туралы қызу талқылаулармен әсерлі өтті.
Семинар соңында барлық қатынасушыларға Сертификат табыс етілді.
-
Фото
-