
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР ӨТТІ
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында 03 қараша 2015жылы Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Қасенова Назгүл Базарбайқызы бірқатар білім беру мекемелерін аралап өтіп, қоғамдық қабылдаулар өткізді. Кәсіподақ мүшелері өздігімен шешімін таба алмай келген, жеке тұлға үшін маңызды болып келетін, көкей-кесті сұрақтарға Қоғамдық ұйымның басшысынан толықтай жауаптар алып, қанағаттанды. Әсіресе, құқықтық-консультативтік сұрақтарға толықтай жауап қайтарылды. Қыс алдында шешілуі тиіс отын-су мәселелері мектеп мұғалімдері үшін маңызды екені айтылды.
Осы өткен шараның өзі ғана осындай қоғамдық қабылдауларды өткізу уақыт талабына жататынын дәлелдеп отыр.
Бірқатар мәселелелер- мектептердегі оптимизация, мұғалімдердің жалақысы туралы, басқадақұқықтары мен заңдымүдделері туралы сұрақтар аудандық білім беру бөлімінің басшысымен болған әңгіме барысында қозғалды.