
Әдістемелік көмек
Облыстық кәсіподақ ұйымының аппарат қызметкерлерімен аудан мектептеріндегікадр бөлімінің қызметкерлеріне әдістемілік көмек көрсетілді. Еңбек кітапшасы — қызметкердің еңбек қызметін растайтын және бірыңғай үлгіде толтырылатын құжат болғандықтан, қызметкерлердің назарын заң талаптарына аударды.
Еңбек кітапшаларының жүргізілуі және сақталу тәртібі бойынша кеңестер берілді.
Сонымен қатар білім беру ұйымдары әкімшілігінің жұмысқа қабылдау, ішкі еңбек режимі, демалыстар беру туралы бұйрықтарының заңға сәйкес жасалуына көңіл бөлінді. Қызметкерлердің жалпы мүддесіне жататын бұйрықтарды алдын ала кәсіподақ ұйымымен келісуге назар аударылды.