Жас педагогтардың әзілі
Жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту мен жүзеге асыруда, өзін-өзі танытуда және жетілдіруде жайдарман тарихының қозғалысы үлгі болып табылады.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ жанындағы Жастар кеңесінің бастамасымен жас педагогтар арасында тұңғыш Жайдарман-2015 конкурсы өткізілді.
2015 жылғы 23 қазанда Ақсу қаласындағы балалар шығармашылық үйінде іріктеу туры өтті: «24KZ» (Павлодар), «Шкрабы» (Ақсу) және «Уголёк» (Екібастұз).
Бұл тәрізді жас ұстаздар арасындағы ойын-сайыстар кәсіподақтағы жастар қозғалысын дамыту мақсатында ұйымдастырылады.
Үш конкурс аясында өздерінің шығармашылық әрі әзілдік, тапқырлық қабілеттерін көрсетіп, іріктеу турдың үздігі атануға бар күштерін салды. Алайда сайыстың аты – сайыс. Үш конкурстың жалпы ұпайы бойынша финалдық жолдаманы Павлодар қаласының «24KZ» командасы қанжығасына байлады. Әділ қазылар алқасының мүшелері өзара ақылдасып, Ақсу командасын да финалдық турға жіберуге рұқсат берді.
Іріктеу турдың келесі кезеңі Қашыр ауданының орталығында және Павлодар ауданының Красноармейка селосында 10 ауданның қатысуымен өтеді. Ал Жайдарман-2015 финалдық туры 2016 жылғы қаңтар айына жоспарланып отыр.
Оларға сәттілік тілейміз!
-
Фото
-