
Кәсіподақ ұйымының бухгалтерлеріне арналған семинар
Шығыс Қазақстан облыстық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен филиалдардың бухгалтерлеріне арналған семинар өткізілді.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Қасенова Назгүл Базарбайқызы семинардың бағдарламасымен және мақсатымен таныстырып, кәсіподақ ұйымының қабілеттілігін арттыруда қаржы басқару тетігінің білікті жүргізілуінің маңыздылығын атап өтті.
Семинарда кәсіподақ ұйымының қаржы- шаруашылық қызметі туралы, бухгалтерлік есеп жұмысының ұйымдастырылуы мен әдістері, салық саясаты туралы баяндамалар жасалды.
Қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар мен құқықтық актілер таратылып, есеп жұмысының іс- қағаздарын жүргізу әдістерімен таныстырылды. Өскемен қалалық кәсіподақ ұйымының есепшісі И.Ф.Лопатина қаржы жұмысындағы іс- тәжірибесімен алмасты.
Семинар барысында арнайы шеберлер класы ұйымдастырылып, қатысушылар алған білімдерін шеберлер класында түйіндеді.