Жалпыға бірдей құқықтық оқыту
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы және Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілік арттыру институты бірлесіп 2015 жылдың 20-22 аралығында Арал ауданындағы «Қамбаш» балалар сауықтыру және қосымша білім беру орталығында «Жалпыға бірдей құқықтық оқыту» мақсатында мектеп директорларына арналған семинар ұйымдастырылды.
Семинардың басты мақсаты әлеуметтік-еңбектік қақтығыстарды шешудің жолдары мен әдістерін анықтау және талдау болатын. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілік арттыру институтының директоры Б.Елеусінов және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова жалпыға бірдей құқықтық оқыту жөнінде және облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің ерекше тұстарына тоқталып өтті
Облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Н. Утегенова – еңбек қатынастары, ұжымдық шарт, білім беру ұйымдарында қолданылатын заңнамалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жуап беріліп және мекеме басшылары өз тәжірибесінде кездескен күрделі еңбек қатынастарын шешу жолдарын ортаға салып бөлісті.
Мектеп басқару қызметінің негізгі функциялары туралы – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАЙ инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы С.Құсейінов дәріс оқыды және осы орталықтың тренері Ж.Жұбауова коучинг-сессия өткізді. Семинар қатысушылары арнайы дайындалған анкета сұрақтарына жауап беріп және балдық жүйеде баға беріліп, өздерінің ұжымының даму деңгейін анықтады. Белсенді топтардың қатысуымен «Мектеп басқарудың жаңаша амалдары» тақырыбында өз жұмыстарымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
«Ойтұмар» пікірталас клубының мүшесі А.Сапар семинар қатысушыларын топтарға бөліп «Брейн-ринг-2015» ойынын логикалық сұрақтар қою арқылы қызықты және тартысты өткізді. Семинарға қатысушылар басқарушылық қабілетімен қоса өнерден де қалыс қалмағандарын көрсетіп ауыл кеші көңілді, поэзия кеші барысында домбыра шертіп, ән айтып және ақындық өнерлерін де ортаға салды.
Екі күндік семинар қорытындысы бойынша заңды қолдана білу, ұжымды басқара білу, тапқырлығымен және өнерімен көзге түсіп белсенділік танытқан қатысушыларға құрмет грамотасы, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар тапсырылды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері
Утегенова Н.С.
-
Фото
-