ЕҢБЕК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Осыдан екі жыл бұрын Елбасының Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күні болып жарияланғаны белгілі. Бұл мейрам Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру тапсырмасы аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, өндірістік қызметкерлерді ынталандыру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау арқылы жастардың жұмысшы кәсібіне деген қызығушылығын оятуды көздейді. Көпжылдық еңбек дәстүрлерін сақтап, нығайту мақсатында өз ісінің нағыз маманы болған, қарапайым жұмысшылықты отбасылық кәсіпке айналдырған еңбек майталмандарын ұлықтау да осы күні жүзеге асырылады. Оны мерекелеу дәстүрімізге де енді.
«Еңбек күні – 2015» мейрамын атап өтумен байланысты іс-шаралар жоспарына сәйкес 2015 жылғы 23.09.-28.09.2015ж. аралығында Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының құрылымдық бөлімшелерінде бірқатар шаралар өтті.
Құрылымдардың басым көпшілігінде аталған күн 1 қазан «Қарттар күні» және 5 қазан «Мұғалім күні» мерекелеріне орайластырылып өткізілді.
Атап айтқанда, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің, ТарМПИ-ның, ТИГУ-нің, Жамбыл политехникалық колледжінің, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің кәсіподақ ұйымдары «Қалдырған ізің мәңгілік», «Еңбегің – өшпес ізің» атты тақырыптармен еңбек ардагерлерінің оқу орнының белсенді жастары, жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Жиындарда іргелі білім ордаларының өркендеп өсуіне өзіндік үлестерін қосқан еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, оларға кәсіподақ ұйымдары тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Іс-шараның барысында белсенді студенттер еңбек ардагерлеріне қызықты сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар да алды.
Мерекелік шара барысында ұстаз кәсібін мұрат еткен өнегелі отбасы өкілдері, ардагерлердің өмірдерегі, еңбек жол туралы сөз етіліп, концерттік нөмірлер ұйымдастырылып, ардагерлер-еңбек адамдарына құрмет пен қошемет көрсетілді.
***
Мерекелік шаралардан Кәсіподақтың аудандық құрылымдары да тыс қалған жоқ.
Жамбыл ауданы:
Абай орта мектебіндегі іс-шара мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Б.Бейсембиевті құрметті зейнетке шығарып салумен байланыстырылып, спорттың алты түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа Тараз қаласы, Т.Рысқұлов ауданы, көршілес Қырғыз Республикасының ұстаздары қатысты. Аудандық Филиал атынан сый-сияпаттар көрсетілді.
Жамбыл ауданы Т.Рысқұлов орта мектебінде 26 қыркүйекте «Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекесіне орай іс-шаралар ұйымдастырылды. «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында спорттық жарыстар: атап айтқанда «жеңіл атлетика», «армрестлинг», «қазақша күрес» «арқан тарту» бойынша қызметкерлер жарысқа түсті. Жарыстың жеңімпаздарына грамоталар мен сыйлықтар тапсырылды. Соңынан ауыл тұрғындары мұғалімдер мен оқушылардың концерттік бағдарламасын тамашалады.
Осындай іс-шараға Шайқорық орта мектебі ұстаздары да белсене қатысты. Пән бірлестіктері арасында 9 кезеңнен тұратын: таныстыру, арқан тарту, кім жылдам?, қаппен жүгіру, допты аяқпен қысып жүгіру, кір тасын көтеру, кедергілерден өту, шарларды ату, допты алып жүру түрлері қызықты өтті. Жақсы нәтиже көрсеткен бірлестіктерге мадақтама қағаздар мен демеушілерден бағалы сыйлықтар берілді.
Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебінде кәсіподақ комитеті мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, аталған мерекелерді өткізу жоспарын жасады. Мерекенің өту барысында ұжым мүшелерімен қатар оқушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында мерекелік тақырыптарға жазылған «Үздік шығарма», «Еңбекқор сынып», «Үздік сынып сағаты» сияқты номинациялар бойынша байқау жарияланды. Байқау қортындысы бойынша 29.09.2015 жылы еңбек ардагерлерімен кездесу өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Ардагерлерге мерекелік дастархан жайылды.
«Еңбек күні» мерекесі ұстаздардың кәсіби «Мұғалім күні» мерекесімен қатар келуіне байланысты, осы атаулы мерекеге аудандағы «Гүлдер» балалар бақшасында 25 қыркүйек күні «Қызметкерлердің бір күндік еңбегін бағалау» тақырыбында іс-шаралар өтті. Іс-шараға «Бәйтерек» ортаңғы тобының балалары қатысты. Әр қызметкердің еңбегін бағалап, өздері қалаған мамандықтар бойынша рольдерге бөлініп; бірі меңгеруші, әдіскер, психолог, тәрбиеші, аспазшы, дәрігер, кір жуушы, ғимарат жөндеу жұмысшысы, күзетші, есепші болып осы мамандық иелерінің бір күндік жұмысымен танысып, олардың еңбегін бағалауды, құрметтеуді түсінді.
Осы күні балабақша қызметкерлерімен ата-аналар бірігіп «Ұстаз еңбегі-ұлы еңбек» деген тақырыпта салтанатты жиналыс өткізілді.
Талас ауданы:
2015 жылдың 28 қыркүйек күні Қаратау қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің мәжіліс залында барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен жиналыс өткізіліп, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні мерекесі болып белгіленгені, осы мерекені барлық қазақстандықтар атап өтіп жатқандығын айтып, барлық бастауыш қәсіподақ ұйымдарында іс-шаралар ұйымдастырып атап өту туралы ұсынылды.
М.Қыстаубайұлы және Д.Қонаев атындағы орта мектептерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілерінің ұйымдастыруымен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінде спорттың үш түрінен (волейбол, шахмат, дойбыдан), ал Д.Қонаев атындағы орта мектебінде волейболдан спорт жарыстары өткізіліп, жеңімпаздары кәсіподақтың тарапынан марапатталды.
2015 жылдың 29 сәуір күні Қаратау қаласындағы Өнер мектебінің мәжіліс залында 28 қыркүйек Еңбек күні мерекесіне орай аудандық жиналыс өткізіліп, білім саласының еңбегі сіңген қызметкерлері аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталса, ал сол марапатталған сала қызметкерлеріне кәсіподақ ұйымының тарапынан заттай сылықтар берілді.
Сарысу ауданы:
Балалар-жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, еңбек жасай білу дағдыларын дамыту, еңбекке қызығушылықтарын арттыру, еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуді мақсат еткен «Еңбек-түбі береке» атты дөңгелек үстел өткізілді
Абылай хан атындағы орта мектебінде 1-4 сыныптар арасында «Еңбек наны тәтті» және 5-11 сыныптар арасында «Еңбек етсең ерінбей» атты тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өтілді. Тәрбие сағатында оқушыларға қоғамда еңбек адамының беделін өсіру, еңбек өнімділігін арттыру, жұмысшы кәсіптерін танымал ету және жастарды өндіріс саласына тарту, жұмысшылар династиясының көп жылдық дәстурлерін насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәліметтер берілді.
Мектепішілік ата-аналар жиналысында мектеп ата-аналарына республика көлемінде «Еңбек күні» биыл үшінші рет аталып отырғанын және еңбек адамдарын құрметтеп, тәжірибелері мен өзара алмасып отырып, жастарға үлгі-өнеге ретінде насихаттау туралы баяндалды.
«Еңбек» күні мектеп ұжымының мүшелері азаматтық белсенділік пен жауапкершілік танытып, бекітілген территорияда сенбілік жұмыстарын атқарды.
С.Сейфуллин атындағы орта мектепте «Еңбек адамы – мемлекет тірегі» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды.
Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте 20 қыркүйек күні мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Толағай» отбасылық сайысы өтті. Сайысқа мектеп ұжымынан, ауылдық ауруханадан, әкімшіліктен, «Ер төстік» балабақшасынан отбасылық төрт команда қатысты.
23 қыркүйекте «Спорт - біздің досымыз» атты ауыл жастары мен мектеп мұғалімдер командаларының арасында воллейболдан жарыс өткізілді.
25 қыркүйек күні мектеп ұжымының қатысуымен «Еңбек түбі – береке» тақырыбы аясында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.
26 қыркүйек күні мұғалімдер мен кіші қызметкерлердің қатысуымен сенбілік өткізілді.
27 қыркүйек күні мектеп оқушылары арасында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты әдеби - сазды кеш өткізілді.
Шу ауданы:
28 қыркүйек «Еңбек күні» мерекесін өткізу мақсатында іс-шара жоспары құрылып білім мекемелерінің барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдардында жоспар бойынша әр түрлі деңгейдегі іс-шаралар өтті.
1-қазан Қаттар күні мерекесіне орай, ауданымыздағы ең қарт жалғыз басты 5 зейнеткерге 25000 мың тенге көлемінде шай пакеті табыс етілді.
Еңбек күні мерекесімен Мұғалімдер күні қарсаңында аудандық мәдениет үйінде аудан мектеп мұғалімдерімен, ауданымыздың еңбек ардагерлері, зейнеткер ұстаздар, «Ұлағат отауы» атты қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысыумен мерекелік іс-шара өтті. Осы іс-шарада кәсіподақтың жаңа басылымы «Еңбекші» газеті таратылып, мерекеге келген әр бір ұстаздарға гүл шоқтары табыс етілді. Ұстаздардың еңбегі бағаланып түрлі марапаттаулар табыс етілді, соның ішінде ҚР «Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен С. Шәкіров атындағы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сатыбалдиева Ләйла Қалмашқызы марапатталды, осы мектепте кәсіподақтың көшбасшылық қызметін 20 жылдан аса атқарған әріптесіміздің бұл жетістігі кәсіподақ қауымы үшін үлкен қуаныш болды. Мерекелік іс-шараның жалғасы ұстаздар мен оқушылардың концертіне ұласты.
Шақырылған қарт ұстаздармен, қонақтарға мерекелік дастархан жайылды.
Қордай ауданы:
«Еңбек күні» мерекесін аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті екінші рет атап өтті.
Былтырғы оқу жылында «Еңбек адамы» құқығын қорғау және олардың мәртебесін көтеру мақсатында, өз еңбектерімен жиі көзге түсе бермейтін 17 кіші қызметкерлер марапатталған болса, 2015 жылы «Еңбек күні» мерекесінің ұстаздардың кәсіби «Мұғалім күні» мерекесімен тұспа-тұс келуін ескере отырып, кәсіподақ тарапынан семинар-оқу жүргізіліп, ауданымыздағы білім мекемелерінде көп жылдан бері қызмет атқарып жүрген, мекеме қызметіне еңбек сіңірген, қызметкерлер арасында беделді 5 есепші маман, 25 кіші қызметкерлер, сонымен қатар білім саласындағы медицина қызметкерлері, «Мұғалім күні» мейрамына орай кәсіподақ ісіне қосқан сүбелі еңбектерін есекеріп, 6 мұғалім кәсіподақ тарапынан марапатталып, грамоталар беріліп, олармен бірігіп флеш-моб ұйымдастырылды.
Мереке жалғасын ауданымыздағы барлық бастауыш ұйымдарында көшбасшыларымен білім мекемелері мен ұйымдардың басшыларының қолдауымен өз өңірлерінде «дөңгелек үстел» отырыстары, конференциялар, форумдар, салтанатты жиналыстар мен концерттік бағдарламалар, оқу семинарлары, спорттық және қайырымдылық шаралары жүргізілді.
Жуалы ауданы:
«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында Жуалы аудандық филиал құқықтық оқыту жөніндегі кәсіподақтық үйірме жетекшілері үшін «Еңбек қатынастарын реттеуде кәсіптік одақтардың рөлі» атты cеминар-тренинг, «Еңбек-ырыстың бұлағы» тақырыбы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарында сенбілік өткізілсе, 5 қазан - ұстаздар күніне орай аудандық «Достық» мәдениет үйінде «Ұстаз-ұлы есім» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты мерекеге ардагер ұстаздар, мекеме басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері, ұстаздар мен жас мамандар шақырылды. Барлық қамтылған кәсіподақ мүшелерінің саны: 560.
Сонымен қатар, барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарына «Еңбек күні» мерекесі «Мұғалім күні» мерекесімен, «Қарттар күнімен» тұспа-тұс келуін ескере отырып, арнайы жоспар жасап, іс- шаралар өткізу филиал тарапынан ұсынылған.
- «Еңбек-ырыстың бұлағы» тақырыбы аясында барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында сенбіліктер ұйымдастырылды.
Кезекті сенбілік бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері үшін, аудан көркі мен оның тазалығына шын мәнінде жаны ашитын адамдар үшін нағыз еңбек майданына айналды. Бұл күні аудандағы білім саласының қызметкерлері қолдарына күрек, тырма, сыпырғыш алып, тазалық жұмыстарына белсене атсалысты. «Көп түкірсе көл» демекші, әр мекеме қызметкерлері өздеріне тиесілі жер телімдерін көтеріңкі көңіл-күймен әп-сәтте тазалап шықты. Бір қуантатыны, кәсіподақ мүшелері туған ауылдың гүлденуіне бейжай қарамайтындығын сөзбен емес, іспен дәлелді. Еңбек күні мерекесіне орай 26-қазан күні сенбілікке шыққан білім саласында жұмыс атқарып жүрген бірнеше кәсіподақ мүшелері марапатталып, заттай сыйлықтарға ие болды .
2. «Қалдырған ізің мәңгілік» атты ардагер ұстаздармен кездесу
С.Бәйтіков атындағы орта мектепте ардагер ұстаздарға құрмет ретінде «Қалдырған ізің мәңгілік» атты кездесу өткізілді. Ардагер ұстаздарға мерекеге орай арнайы сыйлықтар тапсырылды. Кездесу барысында ардагер ұстаздар өз еңбек тәжірибелерімен бөлісіп, мектеп ұжымына алғыстарын жеткізді.
Жас мамандарды еңбекке араластырып, қолдау мақсатында «Үздік жас маман» байқауы ұйымдастырылған.
№35 Сәбит Мұқанов атындағы негізгі мектепте, «Мұғалімдер күні» мерекесінің идеологиясын күшейту және мерекелеу мәртебесін арттыру мақсатында «Қалдырған ізің мәңгілік...» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдастырылған.
Т.Тастандиев атындағы орта мектепте «Қарттарым аман жүріңіз» акциясы өтсе, Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияда комитет мүшесі Нуризат Байғазиеваның ұйымдастыруымен мектеп-гимназия кіре берісіне ұстаздарға арналған «қызыл кілем» төсеніші жасалып оқушылар ұстаздарды гүл шоқтарымен қарсы алу рәсімін ұйымдастырған. Мерекелік концерттерге зейнетке шыққан ардақты ұстаздар шақырылып оларға деген сый құрмет көрсетілді. Мектеп-гимназияның кәсіподақ төрайымы Балзия Қожахметова мен математика кафедрасының жетекшісі Айсұлу Ахметованың ұйымдастыруымен ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік салтанатты кеш өткізілген. А.Герцен атындағы орта мектепте «Ұстаз саған мың алғыс!» салтанатты жиын ұйымдастырылған.
Қазанның бірінші жұлдызы күні «Шақпақата» балабақшасында кәсіподақ төрайымы, әдіскер Р.Пашенованың ұйымдастыруымен «Ұстаз – аяулы жан» атты салтанатты мерекелік кеш өткізілді. Аудандық кәсіподақ ұйымынан бөлінген қаржыға кешке арналған дастархан мәзірі дайындалып, сыйлықтар алынған.
№15 орта мектепте 1 қазан күні мектептің акт залында «Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік» атты мұғалімдер күніне арналған іс-шара өткізілді.
Аталған мектепте 2 қазан күні мектепте мұғалімдердің бір күнгі жұмысын жеңілдету мақсатында «Өзін –өзі басқару» күні ұйымдастырылған. Өзін-өзі басқару күнінде оқушылар бар шеберлігін көрсетіп, мұғалім кейіпін сомдап, оқушыларға сол күнгі сабаққа дайындалып сыныптастарына сабақ берген.
№ 27 Дихан орта мектебінде 2015 жылдың 28 қыркүйек күні жоспарға сәйкес кітапханашы Г.Помашева «Ұстаз – ұлылардың ұлысы» тақырыбында қабырға газетін шығарған. 29 қыркүйек күні сурет пәнінің мұғалімі Т.Есеналиев ұстаздар арасында «Жетістікке жетудің негізі –Еңбек» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырған.2 қазан күні Ұстаздарға арнап мерекелік кеш ұйымдастырылған.
№ 13 Аркадий Гайдар атындағы орта мектебінде «Еңбек күніне» орай іс- шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес апталықты кәсіподақ ұйымының құқықтық жетекшісі Э. Әлденбаева ашып, ұстаздар арасында «Еңбек құқығы және оның әдістері» тақырыбындағы семинар- коучинг ұйымдастырды.
29 қыркүйек күні жалпы жиналыста кәсіподақ төрайымы М.Темиржанова «Еңбек сабақтастығы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада ол жалпы «Еңбек күні» мерекесінің мақсатымен таныстырып, оның маңыздылығына тоқталды.
30 қыркүйек күні мектеп спорт залында ұстаздардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұстаздар арасында «Көңілді мәре» атты спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа тілдер кафедрасы, математика және информатика кафедрасы және тарих, география кафедраларынан тұратын 3 топ қатысты. «Таныстыру», «Арқан тарту», «Кім жылдам?»т.б. сайыстардан тұратын ойынның нәтижесінде жеңімпаз командалар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, технология пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еңбек- бәрін жеңбек» ұранымен сенбіліктер өткізілді. Сенбілікке барлығы 20 ұстаз, 50 оқушы қамтылды. Акция барысында ауылымыздың бірқатар көшелері мен мектеп ауласы күл- қоқыстан тазаланды.
3 қазан күні мектептің акт залында «Ұстаз- ұлы тұлға» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты мерекеге оқушылар, ардагер ұстаздар шақырылды. Мерекелік жиынды мектептің ғылыми- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Оралбекова ашып, ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, мектебіміздің білім саласына және қоғамдық өміріне белсене атсалысқан ұстаздарды арнайы алғыс хаттармен марапаттап, заттай сыйлықтар тапсырды. Мектептің кәсіподақ төрайымы М.Темиржанова еңбек жолын жаңадан бастағалы отырған жас мамандарды құттықтап, кәсіподақ билеттерін тапсырды. Салтанатты жиын оқушылар дайындаған мерекелік концертпен жалғасты
Меркі ауданы:
Аудандық кәсіподақ комитетінің бастамасымен "Еңбек күнін"атап өту бойынша «Зердесін болашақтың зерлеткен ұстаздар" атты үш буынды ұрпақтың кездесуі негізінде аудандық балалар мен жасөспірімдер "Үміт"сарайында 22 қыркүйек 2015 жылы өткізілді. Мерекеге ардагер ұстаздар, аудан әкімі, әкім орынбасарлары,маслихат хатшысы,ауданның басшы,кәсіпкерлер мен жас мамандар шақырылды.
Негізгі мерекені мақсаты "Еңбек күні"мерекесінде ұстаз мамандығын ұлықтау болды. Ардагер ұстаздардың ұрпақ тәрбиесіндегі орны және жас мамандарды ауылда тұрақтандыру мәселесі кеңінен талқыланып,арнайы сыйлықтармен марапатталды. Арналған мерекелік концерттің сценариі үш буынды біріктірген шеруге ұласты.Мерекеге 56 еңбек ардагері,18-аудан әкімдігі мен мекеме басшылары, түрлі маман иелері-8, жас ұстаздар-15 адам қатысты.
Сонымен қатар, 52 бастауыш кәсіподақ ұйымдары еңбек адамына арналған "дөңгелек үстөл",кездесу,кеш,оқу конференциялары ретінде өтті.
"Ұстаз-ұлық емес,ұлы қызмет" атты мұғалімдер күні аталып өтті. Ұстаздарға құрмет көрсету негізінде "Менің ұстазыма"атты гүл байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 9 білім мекемелері қатысып, алқа мүшелері жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырды.
Мерекеге ардагер ұстаздар,білім мекемелерінің басшылары,бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, аудан әкімі, әкім орынбасарлары,маслихат хатшысы,ауданның басшылары, шығармашылықпен жұмыс атқарған мұғалімдер, республика,облыс,аудан деңгейіндегі нәтижелі көрсеткіші бар мамандар шақырылды.Шығармашыл ұстаздарды аудан әкімі,маслихат хатшысы,білім бөлімінің басшысы құттықтап,мерекелік Құрмет грамотасымен марапаттады.
Салтанатты кеш арнайы сценарий бойынша : "Алтын белгі" иегерлерінің ұстаздары, "Дипломмен ауылға"бағдарламасы бойынша ауыл мектебіне келіп, жоғары көрсеткішті жас мамандар, республика,облыс,аудан деңгейіндегі түрлі кәсіби байқауларда жүлделі орын алған ұстаздар, ұлттық бірыңғай тесттен шәкірті 25 ұпай жинаған ұстаздарға жеке-жеке құттықтау салтанатын өткізіп, кәсіподақ қорынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
4 мектеп директордың орынбасары қызметін атқарып, зейнетке шығарып салу шеруі өткізілді. Сонымен қатар, 10 мекеме басшыларын мерей жас иегерлеріне құрмет көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұстаз мамандығын ұлықтауға арналды.
Тараз қаласы:
Тараз қалалық комитеті, биыл екінші рет атап өткелі отырған «Еңбек күні» мерекесіне орай кызмет көрсетуіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарына атаулы мерекені атап өту мақсатында мекемеде іс-шаралар ұйымдастыру тапсырылды.
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында бастауыш кәсіподақ комитеттерінің бастамасымен мерекеге орай ардагерлермен кездесу, дөңгелек үстелдер, спорттық іс-шаралар және сенбіліктер ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қалалық комитет тарапынан мереке қарсаңында мүшеліктегі білім беру ұйымдарында еңбек ететін бірқатар кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, аталмыш мерекемен тұспа-тұс келген «Мұғалімдер күні» ұстаздардың төл мерекесі білім бөлімене қарасты білі беру ұйымдарының педагог қызеткерлеріне Тараз қалалық комитеті мен Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдаструымен № 54 орта мектебінің мәжіліс залы безендіріліп, ардагер ұстаздар мен үздік педагог қызметкерлерге сый-сыйапат көрсетіліп, салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Кәсіподақтың Жамбыл облыстықұйымының аппараты
21 қазан 2015 жыл