
«Кәсіподақ аруы – 2015»
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» Қоғам бірлестігініңаса маңызды мақсаттарының бірі – білім саласының өнерпаз, шығармашылықпен айналысатын дарынды қызметкерлерін анықтау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ұштау, қолдау көрсету, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу. Осы мақсатпен күздің бір шуақты күнінде № 42 «Тілек» балабақшасында дәстүрге айналып отырған ұжым арасында «Кәсіподақ аруы – 2015» байқауы өтті.
Байқауда Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымының маманы Д.Х. Хамитжанова, Қазыбекби ауданы кәсіподақ ұйымының төрайымы А.А.Ракишева , Қарағанды білім бөлімінің маманы П.Т. Жаркибаева, №42 «Тілек»балабақша директоры Р.А.Аугалиева, №42 «Тілек» балабақшасының кәсіподақ төрайымы А.М.Абитаева төрелік етті.
Аталмыш байқауға ақылдарына көріктері сайалдын ала іріктеуден өткен көркем де талантты,ару білім саласының қызметкерлері қатысты.
Өнерлі, білімді және ақылына көркі сай байқауға қатысушы«Кәсіподақ аруын»анықтауды мақсат еткен байқаудың алғашқы кезеңінде қыздар дүйім жұртқа өздерін таныстырды. Байқау талабына сәйкес бар жоғы 2 минуттың ішінде әр ару өзінің аты-жөнін, мамандығын айтып, алға қойған мақсаттары және армандарымен бөлісті.«Өнер» сайысында қатысушылар барын салып, өз өнерлерін көрсетті. Әр қатысушының өнері Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналып, еліміздегі этностардың ұлттық аспаптарында ойнап, биін биледі.«Қол өнер шебері» деп аталатын үшінші кезеңде байқауға қатысушылар өздері дайындаған қол өнерлерін көрсетті. Одан әрі олар ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтарын танытып, өмірдің әрқилы кезеңдерінен өтіп, түрлі қиын жағдайлардың шешімін таба алатындықтарын дәлелдеді.
Бұл байқауда ару қыздарды бөліп жарып, орын беру қиынға соқты. Сонымен, қырмызы гүлдей құлпырған, ай жүзінен аумай қалған ару қыздардың байқауында Бас жүлдеге экономист А.О.Имангали ие болды. ІІ-орын ағылшын тілі мұғалімі Б.К.Омароваға, ІІІ-орын тәрбиеші А.И.Рыскуловаға бұйырды.
Жүлделі орындарға ие болғандардың барлығына мақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылды.Байқау жеңімпаздарын құттықтай отыра, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің маманы Д.Х. Хамитжанова «Кәсіподақ аруы – 2015» байқауы секілді білім саласының қызметкерілеріне шығармашылық дамуға мүмкіндік беретін әрі ұжымның тату,жемісті еңбек етуіне әсер ететін дәстүрлі шаралардың өткізілуі кәсіподақ ұйымдарына мүшелік етуге жағымды ықпал ететінін айтып кеткен болатын.
№ 42 «Тілек» балабақшасы ұжымының атынан кәсіподақ ықыласына алғыс білдіріліп,көңілді қарқынмен өткен «Кәсіподақ аруы – 2015» атты шараның шоқтығы биік болды.