Бақ сынаған маңызды шара
Кәсіподақтар, кәсіби одақтар – өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін, өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын ерікті ұйымдар; қызметінің сипаты мен кәсіби мүдделерінің ортақтығына қарай ұйымдасқан азаматтардың бұқаралық ерікті қоғамдық бірлестіктері.
Күні кешегі өтпелі шақта еңбекақының, зейнеткерлік жарналар мен әлеуметтік жәрдемақылардың кешіктірілуі секілді шиеленістер мұғалімдер қауымын айналып өткен жоқ. Ол күндердің кейінде қалғанына қуанамыз.
Облысымызда егеменді еліміздің жас жеткіншектеріне сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажырлы еңбек етіп жатырғанұстаздар қауымына қолдау көрсетіп, олардың мүддесін қорғайтын, барымыз бен жоғымызды түгендейтін, мәртебемізді көтеріп, асқақтатын ұйымымыз бар. Ол—Ақтөбе облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы.
Бұл ұйым сала мамандарының еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауда, еңбек заңдылықтарын сақтау, еңбек қауіпсіздігі, басқа да еңбек жағдайларына байланысты өзекті мәселелерді ұдайы назарда ұстап, сала қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын жақсартуға бағытталған шаралардың ұйытқысы болып отыр.Білім беру саласы қызметкерлерінің өнімді еңбек етуіне жағдай туғызу бірінші кезекке қоятын бұл ұйымның атқарар шаруасы ұшан-теңіз.Осы жылғы қазан айының 12–де Ақтөбе қаласында Республикалық «Ең үздік кәсіподақ ұйымы көшбасшысы —2015» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың басты міндеті —Қазақстан білім беру және ғылым қызмет-керлерінің салалық кәсіподағы ХІІІ съезінің шешімін орындау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін белсендіру, кәсіподақ ұйымда-ры жұмысының озық тәжірибесін анықтау және тарату.Байқауға облыстың 12 ауданынан бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымдары мен төрағасы қаты-сып, ұйымдарының жұмысы туралы дайындаған видео және фотоматериал-дарын көрсетіп, атқарып отырған жұмыстары туралы баяндады.Байқауға сала қызметкерлері кәсіподағының ардагерлері және сала мамандарынан құралған әділ қазылар алқасы төрелік етті. Қатысушылардың өз өнерлерін көрсетуі оларға қойылған тағы бір тапсырма еді.
Өзім Мұғалжар ауданы атынан қатысып, еңбек етіп жатырған Ақкемер орта мектебінің кәсіподақ ұйымы жұмысын көрсеттім.Байқау қорытынды-сында ІІ орынға ие болдым.Жақсыны көрдік, сыналдық, жұмысымызға қажетті мәліметтер алып қайттық.
-
Фото
-