
Әлеуметтік әріптестік туралы келісімшарт – студенттер үшін
2015 жылдың 12 қазанында Шығыс-Қазақстан облыстық білім беру және ғылым қызметкерлері қәсіподақ ұйымының төрайымы Қасенова Назгүл Базарбайқызы Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму проректоры Нәзбиев Жақсыкелді Дүсіпқанұлымен кездесті. Кездесу барысында студенттердің әлеуметтік – тұрмыстық жағдайлары туралы, аз қамтылған жанұядан шыққан студенттерді, денсаулығына байланысты диспансерлік есепте тұрған студенттерді, жетім қалған студенттер мен оларға теңестірілген студенттердіқолдау туралы мәселелер қаралды.
Кездесудестуденттік кәсіподақ ұйымы мен университет әкімшілігі арасындағы жасалған екіжақты келісімшарт құжатының барлық шарттарының орындалатыны, университет студенттерінің әлеуметтік мәселелері мен маңызды сұрақтары шешілетіні жайлы айтылды.Бүгінгі таңда университет студенттерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатанда 550 орынды құрайтын екі студенттік жатақхана қызмет етуде. Сонымен қатар ағымдағы жылдың қараша айында қосымша 500 орындық жаңа жатақхана пайдалануға беріледі.
Университет әкімшілігі тарапынан кәсіподақ жұмысын белсенді жүргізуге барлық жағдай жасалып отырғаны кездесу барысында аталып өтілді.