Ақтөбе облысы ұстаздарын ұлағаттау салтанаты
Жыл сайын 5 қазан күні 100-ден астам мемлекетте 1994 жылдан бері Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күні барлық ұстаздар қауымының білім беру саласындағы ерен еңбегі мен қоғам дамуына қосқан үлесі аталады.
2015 жылғы 5 қазанда сағат 16.00-де «Думаш» мейрамханасында Ақтөбе облысының білім басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Ақтөбе облысы ұстаздарын ұлағаттау салтанаты өтті. Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, құрметті қонақтар, педагогикалық қызмет ардагерлері, барлығы 250-ден астам адам қатысты.
Шара барысында өз мамандығының шеберлері ұстаздар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен, төсбелгілерімен, облыс әкімінің бағалы сыйлықтары және Облыстық білім басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Еңбек ардагерлері кәсіподақ тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты жиын облыстық кәсіподақ ұйымының демеушілігімен мазмұнды өтті.
-
Фото
-