Еңбегімен ел құрметіне бөленгендер
Адамзат тарихындағы ұлы жеңістердің барлығы да еселі еңбекпен басталады. Төгілген тер, күш-қайраттың арқасында күні кеше ғана Тәуелсіздікке ие болған халқымыз бүгін әлем таныған елге айналып отыр.
Осы орайда, еңбек адамының беделін көтеру мақсатында 2015 жылдың 2- қазанында білім беру және ғылым қызметкерлерінің Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Еңбектерімен елінің құрметіне бөленгендер» атты салтанатты іс- шара өтті. Іс шараға облыстың аудандары мен қалаларынан келген білім саласының ең үздік мұғалімдері мен қамту қызметкерлері, бастауыш ұйымдар мен филиалдардың кәсіподақ төрағалары және ШҚО кәсіподақ орталығының төрайымы Тусупова Н.Қ., білім саласының ардагерлері Ибраева Ж.А., Уланова О.Н., Совко Е.Г. қатысты.
Глубокий ауданы Уварово орта мектебінің директоры Л.Р. Бозтаеваға және Пушкин атындағы орта мектебінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Б. Аманғұловқа Салалық кәсіподақтың «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» күміс белгісі табыс етілді.
Білім саласындағы ерен еңбектері үшін білім беру және ғылым қызметкерлерінің Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Б. Қасенова ұстаздарды және қамту қызметкерлерін облыстық кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасымен марапаттап, алдағы еңбектеріне табыс тіледі.
Кездесу барысында құрметке бөленген жандарға сый сияпат көрсетіліп, гүл шоқтары табысталды, естелік суретке түсірілді.