Көп балалы аналарға құрмет
Елімізде ана мен балаға лайықты әлеуметтік қолдау көрсету - халықтың тұрмыс-тіршілігінің деңгейі мен сапасын жақсартудағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұдайы назарында. Елбасы Жолдауларынан туындаған тапсырмаларға сәйкес, еліміздегі демографиялық ахуалды жақсарту және балалы отбасыларын қолдау мақсатында кәсіподақ тарапынан да көптеген ізгі жұмыстар жасалуда. Солардың бірі Еңбек күні және Мұғалім күні құрметіне орай Шығыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен білім беру мекемелерінде қызмет көрсетіп жүрген көпбалалы аналар - мұғалімдер мен кіші қамту қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында көпбалалы аналарға ерекше құрмет көрсетіліп, облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Н. Қасенова Құрмет грамоталар мен Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етті. Бұл мерекелік шара әрбір жанның жүрегіне қуаныш пен бақыт сыйлап, болашақта көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау қөрсетудің басты бағдарламаларын нақтылаудың негізі болды.