
«Ең үздік жыл психологы» атты IV Атырау облыстық конкурсы
Атырау қаласында талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының тапсырмасына және облыстық әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес, қыркүйек айының 1-2 күндері психологтар арасында «Ең үздік жыл психологы» атты ІV облыстық конкурсы өткізілді.
Конкурс психологтардың кәсіби деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін іске асыру, психологиялық-практикалық білім алу қызметін дамыту, отандық білім берудің бәсекелестігін, тиімділігін, гуманистік бағытын арттыруға ықпал ететін психологиялық білім алуды білім беру қызметінің құрамдас бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған.
Байқаудың қорытындысында психологтардың жұмысын саралай келе, барлық психологтар сертификаттарға ие болды.
3 жылға дейін еңбек өтілі бойынша:
I орын – Таңбайқызы Айымгүл (Жылыой ауданы, №7 о/м);
ІІ орын – ІлесоваГүлжайнар (Жылыой ауданы, №1 о/м);
ІІІ орын – Сұлтанғалиева Айгүл (Атырау қаласы, №34 м/г).
3 жылдан 7 жылға дейін еңбек өтілі бойынша:
I орын – Еспосинова Гүлбану (Исатай ауданы, Ғ.Мәсәлімово/м);
ІІ орын – Табынаева Марал (Мақат ауданы, Доссор п. Абай ат. о/м);
ІІІ орын – Истаев Арай (Құрманғазы ауданы, Ә.Сәрсенбаев ат. о/м).
7 жылдан астам еңбек өтілі бойынша:
ІІ орын – Батхашева Салтанат (Махамбет ауданы, Алға о/м);
ІІІ орын – КабиеваГүлбариса (Индер ауданы, М.Сиранов ат. о/м).
Конкурстың жүлдегерлеріне тұрмыстық техникалар (мультиварка, термапот, мясорубка) сыйға берілді.