
«Ұстазым - ұлағатым» атты мереке өтті
28 қыркүйек 2015 ж. сағ. 15.00. «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ардагер ұстаздарға арналған «Ұстазым - ұлағатым» атты мереке өтті. Мақсаты: ардагер ұстаздарды Еңбек, Мұғалімдер, Қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы мерекелерімен құттықтау, олардың білім саласына сіңірген еңбектерін кейінгі ұстаздарға көрсету. Мерекелік шараға облыстың 200 ардагер-ұстаздары қатысты.
Мереке барысында ардагерлерге жақсы тілектер айтылады, қалалық оқушылар Сарайының көркемөнерпаздары өздерінің дайындаған концерттік бағдарламасын көрсетті. Шақырылған қонақтарға Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Самұратова Жанат Бақытжанқызы және қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Серикова Раушан Серикқызы мерекелік құттықтауларын жолдайды.
-
Фото
-