«Еңбе етсен ерінбей...»
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын» құру туралы идеясы шеңберінде қоғамда еңбек адамының беделін өсіру, еңбек өнімділігін арттыру, жұмысшы кәсіптерін танымал ету және жастарды өндіріс саласына тарту, жұмысшылар династиясының көп жылдық дәстүрлерін нығайту мақсатында ҚР Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі болып биыл екінші рет атап өтіледі.
Осы ретте азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуына белсенді түрде қатысушы әлеуметтік институттардың бірі ретінде кәсіподақтар да қоғам үшін, ел үшін маңызды болып табылатын бұқаралық шаралардан сырт қалмауы тиіс.
Еңбек адамының беделін өсіру мақсатында аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитет тарапынан осы жазда 60 кәсіподақ мүшелері отбасыларымен Ыстық көл жағасында, 80 сауықтыру санаторийлеріне барып денсаулықтарын түзеп қайтты, әр жылда дәстүрге айналған аз-қамтылған отбасы балалары ауданымыздағы «Балауса» лагерінде жазғы демалысқа 44 бала тегін қамтылды.
Жыл басынан бері кәсіподақ мұшелерінің құқығын қорғау, оларға қолданыстағы заңнамалар бойынша кеңес беру, арыз шағымдарына уақытылы жауап беру жұмыстары оңды болып келеді, айтар болсақ 9 ай ішінде мекеме ішіндегі қоғамдық еңбек инспекторларымен 6 семинар сабақтар жүргізіліп, сәуір айында ауданымыздың білім ошақтарындағы қоғамдық инспекторлар арасында байқау өткізіліп, онда №32 В.Маяковский атындағы орта мектептің қоғамдық еңбек инспекторы Егорова К.Н. бас жүлдені ұтып алды.
Аудандық кәсіподақ комитетінен телефон арқылы, жеке кездесу арқылы 200-ден астам адам өз сұрақтарына заңнамаға сай жауаптарын алды. Жылда кездесулер, семинар, дөңгелек үстел, газет бетінен ақпарат, ай сайын тексерулер жүргізілседе қызметерлердің еңбек жалақысын толығымен берілмеу, немесе дұрыс есепке алмау фактілері де кездеседі. Сонғы екі айдың ішінде 87241 тенге қызметкерлердің еңбек ақысына қайта есептеу жүргізіліп төленді.
Кәсіподақ тарапынан кәсіподақ белсенділерін оқытуды ұйымдастыру бойынша 2015 жылы 6 аудан орталығында жоспарлы семинар, 4 көшпелі оқу семинарлары жасалды.
Кәсіподақ оқуларының жаңа нысандарды қарастыру мақсатында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында қойылған тапсырмаларды орындау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру аясында ерекше мазмұн-мағынаға ие болуда. Оқытудағы тиімді нысандардың бірі кәсіподақ мүшелерінің өздерінің еңбек және өзге де құқықтарын білуіне, азаматтық ұстанымын белсенді ету және кәсіподақ қозғалысының нығаюына ықпал ететін кәсіподақ үйірмелерінің жұмысын жүргізу болары сөзсіз. Осы тарапта ауданымыздың төрт аймағында орналасқан білім мекемелерінде базалық кәсіподақ үйірмелері жасалып, «совхоз аймағы» бойынша №24 ОМ Сабирова Х., «колхоз зонасы» бойынша №16 ОМ Есаров Ш., «отар аймағы» бойынша №41 ОМ мұғалімі Темірбаева С.К. сияқты модераторлар өздерінің жұмыс жоспарына сай оқу жүргізуде.
Еңбек құқығын қолдану сұрақтары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, нормативтік құқықтық актілерге түсіндірмелер, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты туралы сұрақтар бойынша құжаттар жинағы дайындалып кәсіподақ үйірмелерімен 8 тақырыпта семинарлар өткізілді.
Әрине атқарылған жұмыстардың басым көпшілігі білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің әлеуметтік серіктестігі аудандық білім бөлімінің қызметкерлері арқылы, ақыл-кеңес алу жолымен іске асып келеді. Әр істеген жұмыстың нәтижесіне жету, жемісін көру бұл үлкен бір ғанибет деп ойлаймын, еңбегімен ерекше көзге түскен қызметкерлер жылда марапатталып отырады. Сонымен қатар аудандық кәсіподақ тарапынан жыл сайын білім ошақтарында қызмет атқарған, бірақ бүгінгі таңда денсаулығына байланысты еңбекке толығымен жарамсыз қызметкерлер С. Амировқа Ж.Көбеевке, Н. Қасымбековаға қолдау көрсетіліп келеді.
«Еңбек күні» мерекесін аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті екінші рет атап өтті.
Былтырғы оқу жылында «еңбек адамы» құқығын қорғау және олардың мәртебесін көтеру мақсатында, өз еңбектерімен жиі көзге түсе бермейтін 17 кіші қамту қызметерлері марапатталған болса, 2015жылы «Еңбек күні» мерекесінің ұстаздардың кәсіби «Мұғалім күні» мерекесімен тұспа-тұс келуін ескере отырып кәсіподақ тарапынан семинар-оқу жүргізіліп, ауданымыздағы білім мекемелерінде көп жылдан бері қызмет атқарып жүрген, мекеме қызметіне еңбек сіңірген, қызметкерлер арасында беделді 5 есепші маман, 25 кіші қамту қызметкерлер, жұмысшылар, білім саласындаңы медицина қызметкерлері марапатталып, грамоталар беріліп, олармен бірігіп флеш-моб ұйымдастырылды.
Мереке жалғасын ауданымыздағы барлық бастауыш ұйым көшбасшыларымен білім мекемелері мен ұйымдардың басшыларының қолдауымен өз өңірлерінде «дөңгелек үстел» отырыстары, конференциялар, форумдар, салтанатты жиналыстар мен концерттік бағдарламалар, оқу семинарлары, спорттық және қайырымдылық шаралары жүргізіледі деген үміт бар.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Жамбыл облысы ұйымының Қордай аудандық комитеті