«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі комитетінің кезектен тыс Пленум отырысы өтті
Пленум жұмысы алдында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Қайненов барлық кәсіподақ белсенділерінҰстаздар күні мерекесімен құттықтап, бір топ қызметкерлерге марапаттар тапсырды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы Индер аудандық комитеті» филиалының төрайымыАхметова Қалжан Қапсәлімқызы- марапатталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Құрмет грамотасымен»:
1. Жылыой ауданы, №7 Е.Халықов атындағы орта білім беретін мектептің директоры, аудан кәсіподағы Атқару комитетінің мүшесі-Мұқашева Бибігүл Ақболақызы;
2.Құрманғазы ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектеп директоры, аудан кәсіподағы Атқару комитетінің мүшесі- ГумаровЖұмақайМугалович
3.Махамбет ауданы, Чкалов атындағы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы- Ғинаятұлы Жұмагелді;
4. Индер ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы -Бердіғалиева АселСалаватовна марапатталды.
«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен:
1. Исатай ауданы, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы - ПауеденоваЗабураШапагатовна;
2. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Атырау қалалық комитеті» филиалы төрағасының орынбасары- АльдешоваМилатБақтығалиқызы;
3. Д.Нүрпейсова атындағы Атырау музыкалық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы- ҚұттымұратовПаһаман Бүркітбайұлы марапатталды.
«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет Грамотасымен»:
1. Қызылқоға ауданы, Х.Досмұхамбетов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы- Сарсенғалиев Салтанат Жагорұлы;
2. Махамбет аудандық «Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы- ГубайдуллинАдилбекКисметович марапатталды.
Пленум жұмысына пленум мүшелері, яғни аудан, қала кәсіподақ кеңестерінің төрағалары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатынасты.
Пленум жұмысының күн тәртібінде:
1.«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі кәсіподақ мүшелерінің және олардың балаларының демалысы мен сауықтыруын ұйымдастырылуытуралы.
2. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс XXVII конференциясын шақыру туралы мәселелер қаралып, қаулылар қабылданды.
Бірінші мәселе бойынша «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасарыЖ.Сәрсенғалиевахабарлама жасады.
Онда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек Кодексін, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жасақталған білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымы мен облыстық білім беру басқармасы арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісімде кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларын сауықтыру жұмыстарын жүргізу міндеттелгендігіне тоқталды.
Осыған орай облыс бойынша 229 кәсіподақ мүшелері жәнеолардың балалары, яғни4277 оқушы кәсіподақ есебінен жазғы демалыспен қамтылды.
Оның ішінде облыс бойынша 12 еңбек ардагерлері тегін жолдамалармен шипажайларда демалды.
Пленумның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жарыссөзге қатысқан «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Исатай, Махамбет, Мақат аудандық комитеті» филиалдарының төрағалары кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру шараларына тоқталып, ұсыныс пікірлерін айтты.