Халықаралық семинар Атырау қаласында
2015 жылдың 21-23 қыркүйек аралығында Атырау қаласында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Нарықтық экономика жағдайындағы мұғалімдер кәсіподақтарының рөлі және кәсіподақ көшбасшылық» тақырыбында Халықаралық семинар өтті.
Семинар жұмысын Тынық-мұхит аймағы Халықаралық білім беру ұйымының үйлестірушісі ДжеромФернандез және үйлестірушісінің көмекшісі ДиляфрузКабироважүргізді.
Тәжірибе алмасу семинарына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Халықаралық жұмыстар жөніндегі бас маманыАбиеваАлия Әділханқызы, құқықтық сұрақтар жөніндегі бас маманы Алиев Батыр Алиұлы және Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысының кәсіподақ белсенділері, барлығы 30 адам қатынасты.
Аталған семинардың бірінші кезеңі де2012 жылы Атырау қаласында өткізілген болатын. Семинардың екінші кезеңінде де қызу талқылаулар мен әлемдік деңгейдегі тәжірибелермен бөлісулер болды.
Семинар жұмысы аяқталған соң қатысушыларға Сертификат табыс етілді.
Келген қонақтар Атырау қаласының тарихи-өлкетану мұражайына, қаланың көрнекі жерлеріне саяхат жасап және Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясы оқушыларының өнерлерін тамашалап риза болды.