
Марапаттауға арналған іс-шара
Астана қаласының Білім басқармасы, білім қызметкерлерінің «Әділет» кәсіподақ ұйымы Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп Мұғалімдер күнін мерекелеу қарсаңында 2015 жылғы 18 қыркүйекте № 51 мектеп-гимназияда педагогикалық әулетті марапаттауға арналған іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты мен міндеті:
Білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі, көп жылғы жемісті еңбегі үшін педагогикалық әулет өкілдеріне қоғам назарын аударту.
Педагогикалық мамандық мәртебесін нығайтуға көмек көрсету. Мұғалім мамандығына қызығушылық туғызуда педагогикалық әулет рөлін арттыру.
Педагог еңбегі мәртебесін арттыру, педагогикалық іс-тәжірибені тарату, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды, педагогикалық әулет өкілдерін ынталандыру.
Аталған іс-шараға педагогикалық әулет өкілдері шақырылды:
Набиева Марал Максутовна, № 10 мектеп-гимназия, отбасының жалпы педагогикалық өтілі 109 жыл;
- Тургунбаева Саламат Шинасиловна,№ 34 орта мектеп, отбасының жалпы педагогикалық өтілі 250 жыл;
- Маканова Баркыт Серикбайқызы , №36 орта мектеп, отбасының жалпы педагогикалық өтілі 350 жыл;
- Токумбаева Биғанша Асылханқызы№38 мектеп-лицей, отбасының жалпы педагогикалық өтілі 94 жыл;
- Калиев Серик Сабырбекович №42 орта мектеп, отбасының жалпы педагогикалық өтілі 400 жыл;
- Лекерова Бакыткуль Жумагазиновна,№49 орта мектеп, отбасының жалпы педагогикалық өтілі 104 жыл.
-
Фото
-