
Кәсіподақ белсенділерінің жазғы мектебі
Тамыз айының 10-11 жұлдызында «Қамбаш» балалар сауықтыру және қосымша білім беру орталығында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық филиалының және Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподақтарының бірігуімен Кәсіподақтардың жазғы мектебі өткізілді.
ҚР Кәсіподақтар Федерациясы XXIV съезінің 2015-2020 жж арналған Стратегиясының мақсаты мен міндеттеріне және заңнамалық құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру, көшбасшылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту және тәжірибе алмастыру мақсатында жүргізілді.
Семинарға облыс аумағынан, қаладан, аудандардан, ауылдардан 80 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары қатысты. Соның ішінде 45 білім және ғылым қызметкерлері, яғни жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен қамтылды.
Облыстық білім арттыру институтының Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Жұбауова Жанар Рзабекқызы –«Кәсіподақтар қозғалысын дамытуда көшбасшылардың жаңашыл әлеуеті» және «Көшбасшылардың тұлғалық қасиеттері» тақырыбында тренинг өткізді.
Осы кәсіподақ көшбасшыларының құрамы бұған дейін сәуір айында бас қосқан болатын, яғни дәл осы құрамның екінші мәрте шақыртылуы.
Бұл кәсіподақтардың жазғы мектебінің ерекшелігі жеңілдетілген түрде, яғни кәсіподақ белсенділерінің демалуына көбірек мән берілді. Сабақпен қоса таза ауада ойын жарыстары және «Қамбаш» көліне шомылу ұйымдастырылды.
Қатысушыларға тоқталатын болсақ топтық жұмыс барысында өз белсенділігімен, тапқырлығымен, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілетімен көзге түскендер: Қапбарова Перуза; Оспанов Қанағат; Кузейбаева Ұлмекен; Сұлтанов Нұрбек; Жұмабекова Орынкүл, Боранбаева Роза және Есенов Бағдат өзгелерге үлгі бола білді. Сонымен қоса осы кәсіподақ белсенділеріне естелік сыйлықтар тапсырылды.
Кәсіподақтардың жазғы мектебінің қатысушылары керемет әсерде болып, тың күшпен жұмысқа түсетіндерін айтып және ұйымдастырушылар Байназарова Райкүл Мансұрқызына, Үмбетова Раушан Балтабайқызына және Көрегенов Темірхан Исаханұлына өз алғыстарын білдіріп, алдағы жұмыстарына толағай табыс тіледі.
«Қазақстандық салалық білім жәнеғылым
қызметкерлері кәсіптік одағыныңҚызылорда
облыстық ұйымының заңгеріУтегенова Н.С.
-
Фото
-