«Ұстаз-2015» спартакиадасы өтті
2015 жылы 2-5 шілде аралығында Зеренді ауданы Шағалалы ауылында Агробизнес колледжінде Ақмола облысының кәсіптік және техникалық оқу орындары қызметкерлерінің «Ұстаз-2015» спартакиадасы өтті.Спартакиада Қазақ хандығының 550 жылдығына,Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына және ҚР Конституцияның 20 жылдығына арналды.
Жарыс спорттың алты түрінен өтті: волейбол,городки,үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ және атыс.
Спартакиаданың салтанатты ашылуына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркенов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай ақ спартакиаданың салтанатты ашылуына Ақмола облысы білім басқармасының басшысыБ.С. Ізбасарова, білім басқармасы басшысының орынбасары Е.А. Шеленжек және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Қ.Абдрахманов қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынға Көкшетау қаласының Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің, екінші орынға Щучье қаласының педагогикалық колледжінің және үшінші орынға Щучье қаласының жоғары техникалық мектебінің спортшылары ие болды.
Спартакиаданың салтанатты жабылуында жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен,грамоталармен,кубоктармен және сертификаттармен марапатталды.
Бірінші орын алған командаға 100000 теңгенің, екінші орынға 70000 теңгенің және үшінші орынға 40000 теңгенің сертификаттары тапсырылды.
«Жеңіске деген ынтасы» номинациясына Қатаркөл ауылының Ауылшаруашылық колледжі ие болды және «Ең жақсы спорттық киім» номинациясы Есіл қаласының №7 агротехникалық колледжіне тапсырылды.
Кәсіподақтың төрағасы Б.Қ. Абдрахманов Агробизнес колледжінің ұжымына спартакиаданың ойдағыдай өтуіне және қатысушыларға жақсы жағдай жасағандары үшін Алғыс хат тапсырды.
-
Фото
-