Кәсіподақ болашағы талқылануда
2015 жылғы 18 маусымда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы XXIV съезінің қорытындысы талқыланды.
Отырыстың негізгі мазмұны ретінде кәсіподақ қозғалысының модернизациялануын жетілдіру қарастырылды. Павлодар облысының кәсіподақ активі Қазақстан Республикасы кәсіподақтары қызметінің Стратегиясын жете қабылдады.
Съездің қарарларын талқылай отырып, Кеңес мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентіне өмір сүру минимумын ұлғайту, еңбек дауларын алдын алу және реттеу, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы заңанаманы сақтау жөнінде бақылау жүргізу үшін еңбектің техникалық инспекциясын кәсіподақтарға заңнамалық түрде бекітілуі қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша кәсіподақ ұйымдарының позициясын нығайтар еді деген пікірге келді.
Қазақстан кәсіподақтарының 110 жылдық мерейтойы мен Съезд қарсаңында білім беру мекемелері мен ұйымдарында түрлі мәдени іс-шаралар өткізілді. Мерейтойға орай қоғамдық бірлестіктің әлеуметтік әріптестері (серіктестері) мен үздік кәсіподақ белсенділерін марапаттау рәсімі өткізілді. Павлодар қаласының №8 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Д. Әмірова, Павлодар бизнес колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қ.З. Куркина және Шарбақты ауданы Орловка жалпы орта білім беру мектебінің басшысы – әлеуметтік серіктес Р.Р. Мұратов Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды. Олар кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында қыруар жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, басқа да кәсіподақ белсенділері ҚБ-тің Құрмет грамоталарымен және Алғыстарымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақ Федерациясының XXIV сезінің жұмысын қолдау мақсатында Ақсу қаласының №4,7,8 жалпы орта білім беру мектептерінің ұжымдары «Біз біргеміз» атты флэшмоб ұйымдастырды.
Качир ауданында Съезд материалдарын талқылау барысы «Кәсіподақ болашағы – бүгіннен басталады» атты дөңгелек үстел отырысына ұласты. Ал Павлодар қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қауіпсіз еңбек жағдайын туғызуда әлеуметтік серіктестікті дамыту бойынша Баянауыл ауданындағы Жасыбай демалыс аумағында көшпелі семинар өткізді. Барынша педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесулер, спорт шаралары, кәсіподақ қозғалысындағы жас педагогтардың рөлін талқылаумен Жастар кеңесінің отырысытары өткізілді.
-
Фото
-