Павлодар және Новосібір облыстарының білім және ғылым қызметкерлері одақтарының аймақаралық кездесуі
2015 жылғы 20 маусымда Павлодар қаласында Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің шекаралас ынтымақтастары шеңберінде Павлодар және Новосібір облыстарының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтарының кездесуі өтті. Аймақаралық кездесудің басты мақсаты шекаралас облыстарының кәсіподақ қызметкерлері қоғамдық бірлестіктерінің арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Новосібір облысы делегациясының жұмысы Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебінен басталды, қалалық оқу-әдістемелік орталықтың кәсіподақ жұмысымен танысты. Ресей қонақтары қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау жұмыстарын терең зерттей отырып, қалалық кәсіподақ ұйымына үлкен қызығушылық танытты.
Кездесу барысы «Қазақстан мен Ресейдегі кәіподақ қозғалыстарының модернизациялануы: тәжірибе және түйіткілдер» атты дөңгелек үстел тақырымен Достық үйінде басында бас қосумен жалғасын тапты.
Дөңгелек үстелдің алғы сөзін Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Б.М. Бексейітова бастады. Басқарма басшысы Павлодар және Новосібір облыстарындағы білім беру саласы араларында тығыз және тиімді қарым-қатынас орнағандығы туралы сөз қозғады. Сонымен қатар қатынастың жылылығы шекаралас облыстарының педагогтары арасында әрі шәкірттері арасында өзара кездесулерінде айқын көрінетіндігін атап өтті. Аймақаралық, халықаралық пәндік олимпиадаларының, оқушылардың шығармашылық конкурстарының өткізілуі дәстүрге айналып, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары арасындағы да ынтымақтастар дамып келетіндігі туралы ақпарат берді.
«Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Н.А. Рамазанов көрші облыстың қонақтарын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXIV съезде қарастырылған негізгі мәселелерімен таныстырып, кездесудің заманауи талабына сай кәсіподақ қызметіндегі жаңа формалар мен әдістердің пайда болатынына, білім және ғылым қызметкерлерінің қоғамдық бірлестік жұмысының тиімділігінің артатынына сенімін білдірді.
Новосібір және Павлодар облыстарының білім және ғылым қызметкерлері қоғамдық бірлестіктерінің қос көшбасшылары С.Г. Сутягина мен Г.Ә. Наурызбаева қоғамдық жұмыстарының тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіподақ жұмысының бірегей бағыттары мен жұмыстары талқыланды, себебі кәсіподақ жұмысы Халықаралық конвенциялар шеңберінде қызмет етілетіні көпшілігімізге мәлім. Алайда, кей мәселелер ұлттық заңнамалар аясында шешілетіні туралы ақпарат айтылды. Ресей Федерациясы Новосібір облыстық білім және ғылым қызметкерлері қоғамдық бірлестіктің бас еңбек құқық инспекторы – О.Н. Гвоздева, әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі бөлім меңгерушісі – Т.Ю. Полещюк, Ақсу қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ҚБ филиалының төрайымы – Ж.К. Рүстем және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-і жанындағы Жастар кеңесі төрағасының орынбасары – Е.С.Иманбаевтың сөздерінде қоғамдық бірлестік қызметін ұйымдастырудағы нақты қадамдар талқыланып, жұмыстың түрлі бағыты бойынша тәжірибелері ұсынылды.
Қонақтар №25 жалпы орта білім беру мектебінде кәсіподақ активінің оқу жүйесінің ұйымдастырылу жұмысын Павлодар қалалық оқу-әдістемелік орталығында тәжірибе жүзінде көріп, бірізділік ой-пікірге тоқталды. Ал павлодарлық кәсіподақ қызметкерлерін Новосібір қаласындағы жас педагогтарға қолдау көрсететін және қоғамдағы ұстаздар мәртебесін көтеретін Ұстаздар үйі қызықтырды.
Кездесудің нәтижесі Павлодар және Новосібір облыстарының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одақтары қоғамдық бірлестіктерінің кәсіподақ қозғалысын дамыту мақсатында тәжірибе алмасу, тараптарды қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңестік қызмет көрсету, мәдени, спорт, шығармашылық, жастар және басқа да бағыттағы өткізілетін семинарларына, конференцияларына, форумдарына және шараларына қатысу, біріккен жобалар мен шараларды ұйымдастыру, кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларын шекаралас облыстардағы шипажайларда сауықтыруды және демалуды ұйымдастыруда бір-біріне ықпал етуде өзара әрекеттері мен ынтымақтастары туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды.
Б.Г.Бейсенова – «Қазақстандық салалық білім жәнеғылым қызметкерлері кәсіптік одағыныңПавлодар облыстық ұйымы»ҚБ-нің бас маманы
-
Фото
-