Қәсіподақтар күніне орай Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымының іс-шаралары
Облыстық кәсіподақ комитеті, Қазақстан кәсіподақтарының 110 жылдығына, ҚРКФ ХХIV съезіне және кәсіподақтар күніне байланысты ұйымдастырылған облыстық салалық кәсіподақтар қызметкерлерінің спартакиадасына белсенді қатысты. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ОҚО ұйымының спортшылары стол теннисі бойынша ерлер және әйелдер арасындағы жарыста бірінші орын, шахмат бойынша жарыста ерлер арасында екінші орын, әйелдер арасында бірінші орын алды.
Аудандар мен қалаларда барлық білім беру мекемелерінде «10 – қазан Қазақстандық кәсіподақтар күні» деген көрнекіліктер безендірулер ілінді. Кәсіподақтар күні қарсаңында, 10 аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері төрағаларының кәсіподақ күні туралы, кәсіподақтардың жұмысы туралы жергілікті бұқаралық құралдарында мақалалары, ақпарат жарияланды.
Аудандық, қалалық кәсіподақ комиттеттері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары, Кәсіподақтар күні қарсаңында кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен жиындар өткізіп, кәсіподақ ұйымының сала қызметкерлері үшін маңызы мен қажеттілігі туралы насихат жұмыстары жүргізілді.
Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері, кәсіподақ күніне байланысты, кәсіподақ ардагерлерінің кәсіподақ активімен кездесулерін өткізіп, оларға марапаттаулар мен сыйлықтар тапсырды.
Сайрам аудандық кәсіподақ комитеті (С.Сейдалиева) кәсіподақ ардагерлерін, кәсіподақ активін шақырып, оларға сыйлықтар берді.. 20 жыл бастауыш кәсіподақ ұйымын басқарған екі зейнеткерге шипажайға жолдама, 5 кәсіподақ ардагеріне «Сайрам» аудандық газетіне жазылуға қаражат берген, 10 кәсіподақ ардагеріне қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін қайырымдылық көмек көрсетілген.
Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеті (Тастанбеков Ә.) барлық білім беру мекемелерінде безенділулер ұйымдастырған, аудандық газетте аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбековтың құттықтауы жарияланған. И.Панфилов, М.Әуезов, А.Сүлейменов, Яссауи атындағы және басқа да мектептерде кәсіподақ ардагерлерімен кездесу, кәсіподақтардың қоғамдағы ролі жайлы «дөңгелек столдар» өткізілген.
Арыс қалалық кәсіподақ комитеті (Мухаев Ж.) кәсіподақ ардагерлері және кәсіподақ активінің кездесуін өткізген. Қалада білім беру мекемелері ұжымдарының волейбол бойынша жарысы ұйымдастырылды.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеті (Маханова З.) кәсіподақтар күніне байланысты үлкен бас қосу өткізіп, кәсіподақ ардагерлерін, кәсіподақ активін марапаттау жасап, үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Мақтаарал ауданындағы (Бахтияров П.) бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жиындар өткіліп, кәсіподақ ұйымдарының жұмысы жайлы плакаттар, көрмелер дайындалған, спорт түрлерінен жарыстар өткен.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымына қарасты барлық филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарында түрлі деңгейдегі осындай іс-шаралар өтті. Облыс бойынша 89 кәсіподақ ардагері, 117 кәсіподақ активі марапатталды.
Мақтаарал, Сарыағаш, Бәйдібек, аудандары мен Түркістан, Арыс, Кентау қалалық кәсіподақ комитеттеттері волейболдан, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Созақ аудандық кәсіподақ комитеттері кіші футболдан (мини футбол), Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандық, Шымкент қалалық кәсіподақ комитеттері шахмат, дойбы және стол теннисінен білім беру мекемелері қызметкерлері арасында жарыстар өткізді.
Кәсіподақтар күніне байланысты, жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 16 мақала жарияланды.