Оқыту семинары өткізілді
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы 29 мамыр күні оқыту семинарын өткізді. Семинарға аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің бас есепшілері мен облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының тексеру комиссиялары төрағалары шақыртылды.
Семинар жұмысын облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Шалқар Әшірбек Қиянтайұлы кіріспе сөз сөйлеп ашты.
Облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Еркінбек Бақыт Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңы туралы хабарлама жасап, түсіндірмелер берді.
Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Абуов Ахмет«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі Салалық Кеңесінің «Бақылау-тексеру комиссиялары туралы Ережесін басшылыққа алу және орындау жөніндегі практикалық, әдістемелік шаралар туралы» баяндама жасады.
Облыстық кәсіподақ комитетінің бас есепшісі Жолдықараева Роза «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Салықтық есеп саясатының негізгі ережелері және орындау жөніндегі міндеттер» және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Есеп саясатын басшылыққа алу және іске асыру жөніндегі жұмыстар туралы баяндамалар жасады, сұрақтарға жауап берді.
Оқыту семинарына қатысушыларға қаралған мәселелер бойынша құжаттар мен тарату материалдары берілді, пікір алмасу өткізілді.