Қазақстан Кәсіптік одағына 110 жыл
2015 жылғы 5 маусым күні Атырау қалалық Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Қазақстан Кәсіптік одағының құрылғанына 110 жыл толуына орай мерекелік шара болып өтті. Мерекелік шараға облыс, қала әкімдері, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық, қалалық мәслихаттың хатшылары, ардагерлер, басқарма басшылары, кәсіподақ белсенділері қатынасты.
Облыс әкімі Б.С.Ізмұхамбетов құттықтау сөз сөйлеп, облыстың білім және ғылым саласы қызметкерлерін, кәсіподақ белсенділерін марапаттады.
Облыс әкімінің Алғыс хатымен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Құрманғазы аудандық комитеті» филиалының төрағасы - Изжанов Әуез Садуұлы марапатталды.
Сонымен қатар Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасымен Атырау қалалық Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы - Ж.Шакирова, Индер аудандық Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы - С.Байдешова, Құрманғазы аудандық Еңбекші орта мектебінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы-А.Хамитова марапатталды.
Облыстық мәслихаттың Алғыс хатымен Аққыстау орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы - Ж.Набиев марапатталды.
Мерекелік шара Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен және қазақ эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламаға ұласты.
-
Фото
-