2015 жылдың 29 мамыр күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек қауіпсіздігін сақтау – сенімді жұмыстың кепілі» тақырыбында семинары өтті
Семинар жұмысын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қилымғали Қайненов семинар жұмысына қатынасушыларды Қазақстан Кәсіподағының 110 жылдығымен құттықтап, бір топ кәсіподақ белсенділерін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамоталарымен» марапаттады.
Аталған семинар жұмысына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігініңфилиалдары төрағалары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қоғамдық инспекторлары,«Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы» мемлекеттік мекемесі бөлім басшысы қатынасты.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы, заңгер Айбусынова Юлия Амангелдіқызы,«Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Оспанов Марат , Атырау политехникалық колледжі қоғамдық инспекторы Ж.Р.Кереева баяндама жасады.
Семинар барысында сұрақтар қойылып, оларға тұжырымды жауап берілді.