БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ – БЕЛСЕНДІ КӘСІПОДАҚ!
Кәсіподақтық білім беру сапасын арттыру, оның кәсіподақ кадрлары мен активінің өзекті де өз мезгіліндегі қажеттеліктері мен сұраныстарына сай болуы Кәсіподақтың оқыту саясатының басым бағыттарының бірі.
Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымында соңғы бірнеше жылда кәсіподақ белсенділерін оқытуды ұйымдастыру бойынша көптеген жұмыстар жасалды. Кәсіподақ оқулары кәсіподақ қызметкерлері және белсенділерімен қатар, білім мекемелері мен ұйымдарының басшылары үшін де ұйымдастырылып өткізіледі.
Облыстық оқу-әдістемелік орталығының базасында семинар түріндегі оқыту нысандары көп қолданылады және де көшпелі оқыту түріндегі семинарлар өткізу тәжірибесі жүргізілуде. Кәсіподақтың Заң қызметімен еңбек құқығын қолдану сұрақтары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, нормативтік құқықтық актілерге түсіндірмелер, еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты туралы сұрақтар бойынша құжаттар жинағы дайындалады және үлестіріледі. Жұмысшыларды құқықтық оқыту мақсатында облыстық «Кәсіподақ жаршысы» газетінің мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.
Десек те, жұмысшылар–кәсіподақ мүшелерінің құқықтық санасы әлі де төмен болып қала беруде. Аталған жағдай еңбекшілердің қоғамдық белсенділігінің төмендігіне, жұмыс беруші өкілдерінің озбырлығына көнбістік білдіру жағдайларына, сала ұйымдарында еңбек заңнамасын бұзу санының көбеюіне негіз болып отыр.
Осыған байланысты, кәсіподақ оқуларының жаңа нысандары мен әдістерін іздеу қажет. Жаңа нысандарды қарастыру ҚР Президенті Н.Назарбаевтың: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында қойылған тапсырмаларды орындау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру аясында ерекше мазмұн-мағынаға ие болуда.
Кәсіподақ оқуларының жаңа нысандары мен әдістерін іздеу, оқытудағы тиімді нысандардың бірі кәсіподақ мүшелерінің өз еңбек және өзге де құқықтарын білуіне, азаматтық ұстанымын белсенді ету және кәсіподақ қозғалысының нығаюына ықпал ететін кәсіподақ үйірмелерінің желісі құрылып, жұмыс жасауда.
Кәсіподақ үйірмесі – бұл қандай да бір сұрақты өздері зерделеу және басқаларды үйрету үшін кәсіптік одақ мүшелерінен құралған бейресми топ.
Кәсіподақ үйірмесі жұмысының басты міндеттері:
- ұжым мүшелері ішінде құқықтық және кәсіподақтық ақпаратты тарату;
- құқықтық нормативтік актілерді түсіндіру;
- кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру;
- кәсіподақ мүшелерінің басым бөлігін қоғамдық жұмыстарға тарту;
- ұжым мүшелерінің белсенділігін, ой дербестігін дамыту;
- кәсіподақ мүшелеріне еңбек және өзге де әлеуметтік-экономикалық қатынастарға байланысты проблемалық жағдайларды шешуге көмек көрсету болып табылады.
Осы орайда, 2013 жылы пилоттық жоба ретінде облыс аумағында бастау алған кәсіподақ оқуларының жаңа нысанының алғашқы нәтижелері де шығарылуда.
2015 жылдың 14 мамыр күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының жұмыс жоспарына сай «Облыстық ұйымның Сарысу аудандық комитетінің құқықтық оқыту жөніндегі кәсіподақ үйірмелерінің жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі туралы» күн тәртібімен кеншілер мекені-моноқала Жаңатаста көшпелі облыстық оқу семинары ұйымдастырылды.
Семинарға аудандық филиалдың құрамындағы мүшелік ұйымдардағы кәсіподақ үйірмелерінің жетекшілері, облыс кәсіподақ ұйымының облыс аумағында орналасқан филиал мәртебесіндегі комитет жетекшілері, облыстық ұйым аппратының мамандары мен құқықтық инспекторлары қатысты.
Семинар жұмысын Кәсіподақ төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Гүлсін Орынбаева және Сарысу аудандық филиал төрайымы Дәмеш Орынбекова ашты.
Семинардың модераторлары Сарысу аудандық филиал төрағасы лауазымына кадр резервінде тұрған, Байқадам орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Ақсәуле Каримбекова мен Кәсіподақ үйірмелерінің аудандық модераторы, Б.Адамбаев атындағы орта мектептің үйірме жетекшісі Ержан Маликаджаров болды.
Семинар тақырыбына «Педагог қызметкерлердің жұмыс уақыты мен демалыс уақыттарының ерекшеліктері» таңдап алынды.
Семинар кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ету, жұмыс уақыты мен демалыс уақыттарын сақтауда, еңбекті ұйымдастыру бөлігінде қызметкерлерге құқықтарын жеткізу мақсатын көздеді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 2015-2017 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы Келісім мен Ұжымдық шарттар, Білім туралы салалық нормативтік және кәсіподақтық құқықтық актілер материал ретінде кеңінен пайдаланылып, насихатталды.
Семинар қатысушылары 6 жұмыс тобына жіктеліп семинар тақырыбы аясында бірнеше тапсырмалар мен шартты жүктемелерді орындады. Семинар барысында оқытудың бірнеше белсенді әдіс-тәсілдері қолданылды.
Кәсіподақтың облыстық ұйымының басшылары мен құқық мамандары арнайы эксперттік топ пен төрешілер алқасының рөлін атқарды.
Семинар соңынан жан-жақты талқылау, оны барысындағы артық кем тұстарды талдау мен сараптау жүргізілді.
****
Семинар жұмысы аяқталған соң Облыстық ұйымның Атқару комитетінің кезекті жоспарлы мәжілісі өткізілді.
Онда Кәсіподақ Комитеті мен құрылымдық бөлімшелердегі қаржының 2014 жылғы жұмсалуы мен қаржы қызметінің қорытындылары;
üКәсіподақ құрылтайшылығындағы шағын кәсіпорындардың 2014 жылғы қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебі;
üКәсіподақтың Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандық комитеттерінің құқықтық оқыту жөніндегі кәсіподақ үйірмелерінің жұмысын ұйымдастыру жағдайы;
üБайзақ ауданы бойынша құқықтық кәсіподақтық еңбек инспекторының есебі; «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздар» атты VIІ облыстық спартакиадасының қорытындылары;
üКәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы өкілдерін 2015 жылғы сауықтыру шараларымен қамтуды ұйымдастыру жұмысы сынды бірқатар жоспарлы сұрақтар қаралып, тиісті қаулылар мен шешімдер қабылданды.