Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің еңбек дауларын болдырмау және алдын алу жөніндегі жұмыстары туралы
Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеті құрамында 8725 кәсіподақ мүшесін біріктіретін 121 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. 2014 жылға қарағанда биылғы жылы кәсіподақ мүшелері 356 адамға артып, жаңадан 3 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.
Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеті еңбек дауларын болдырмау және алдын алу жөнінде біршама жұмыстар атқаруда. Аудандық кәсіподақ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2015 жылғы 26 наурызда «Алыбай батыр және Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептерінің келісім комиссияларының жұмыстары туралы» мәселе атқару комитеті мәжілісінде қаралды. Келісім комиссияларында еңбек тәртібі, сағат жүктемесін қысқарту, қарауылдарға мереке күндері жұмыс істегеніне қосымша ақы төлеу мәселелері қаралып, оң шешілген. Облыстық кәсіподақ комитетімен бірлесіп 25 ақпан күні мектеп директорлары, кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың қатысуымен семинар ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңын түсіндірме жасау, еңбек дауларын болдырмау және алдын алу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мәселелер бойынша оқыту өткізілді. Аудандық кәсіподақ комитеті еңбек дауларын алдын алу мақсатында, бұйрықтарды дұрыс рәсімдеу үшін олардың үлгілерін дайындап, барлық мектептерге таратылды. 18 наурыз күні бала бақшалар меңгерушілері және бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен семинар өткізіліп, жаңа кәсіподақ заңнамасы туралы түсіндірме жасалды. Аудандық кәсіподақ комитеті Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 500 данасын дайындатып, барлық білім беру ұйымдарына 3 данадан берілді.
Аудандық кәсіподақ комитеті мен аудандық білім беру бөлімінің бірлескен жұмыстары нәтижесінде ауданда сағат жүктемесін бөлу ісі біршама жақсарып келеді. 2013-2014 оқу жылында ол 16.8 сағат болса, үстіміздегі оқу жылында бұл көрсеткіш 17.2 сағатқа жеткен. Бірақ мұғалімдердің апталық жүктемесі 15-16 сағат аралығында болып отырған бірқатар мектептер бар. Облыстық кәсіподақ комитетінің әдістемелік көмегімен, сағат жүктемесі ең төмен 10 мектеппен меморандум жасалды. Оған аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы және мектеп директоры қол қойды. Оның орындалуына бақылау жасалуда.
Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің оқу-әдістемелік кабинеті еңбек дауларын болдырмау, алдын алу жұмыстары бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларына көмек ретінде әдістемелік материал дайындап, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына таратылды.
2014-2015 жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында осы мәселе бойынша 3 мақала жарияланды.