Көркем өнерпаздар сайысы өз мәресіне жетті
Мұғалім патриот болуы керек немесе Отанға деген сүйіспеншілікті өз Отанын сүйетін адам ғана оята алады. Мұғалім жан-жақты сауатты және творчествоның адамы болуы тиіс». Осы орайда 2015 жылдың 30 сәуірінде Балалар мен жеткіншіктер сарайында, Қарағанды қаласының білім беру және ғылым қызметкерлері қазыбек би ауданының кәсіподағы педагогикалық ұжымдардың көркем өнерпаздары байқауы өткізілді Бұл жылғы байқау үш бірдей айтулы күнге арналды: Қазақ мемлекеттілігінің 550-жылдығы, Қазақстан халық ассамблеясының 20-жылдығы және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы.Көрерменнің алдында өлең, ән, бимен өрілген соғыс жылдарынан алынған көріністер қойылды. Балабақша тәрбиешілерімен мектеп мұғалімдері өздерінің түрлі жанрдағы шығармашылық қабілеттері мен дарынын көрсетіп жатты, олар: вокал, хореография, инструменталдық музыка, мәнерлеп оқу және т.б.Байқаудың мақсаттары: қоғамда ұстаздық маманға құрмет қалыптастыру; еңбек қатынастарын үйлестіру; педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту; өз мектебі, балабақшасы жөнінде мақтаныш сезімдерін тудыру, білім мекемелерінде құптарлық моральдік - психологиялық жағдайлар жасау. Бұл шараға қала мектептерінің, интернатттардың, балалар үйлерінің көркем өнерпаздары қатысты. Өткізілген концерттен 13 нөмір іріктеніп алынды №58 мектеп мұғалімдері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арнап, сахнадан бұрыннан жақсы таныс сүйікті әндер орындалды. Ансамбль әртістерінің орындауындағы «Әлия», «Бейбітшілік сақталады» секілді әндер ешкімді бейжай қалдырмады. Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров туралы «Соғыстан қайтқан салдатар » әнін шырқаған кезде көрермендер тіпті орындарынан тұрып әсем әнге қосылды.
Байқауды жүргізушісі әрі №48 мектептің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Ермек Ерқанат Саятұлы «Туған жер» өлеңімен көрерменнің көңілін таба білді.
Байқаудыңқорытындысы бойынша марапаттау салтын атап айтар болсақ,Гран приді«Құлыншақ» балалар үйікөркем өнерпаздары жеңіп алды.Сахналық мәдениеттері, орындау шеберліктері мен концерттік бағдарламаларының мазмұндылығы үшін арнайы жүлделермен №93 гимназия педагогикалық ұжымдарыТілекбалабақшасы менмарапатталды.
Бірінші орындарды «Айналайын» балабақшасы мен №10 мектеп қанжығаларына байлады.
Барлығы 3 бірінші, 4 екінші , 3 үшінші орын және жеке орындау шеберліктері үшін 24 номинация бойынша сыйлықтар берілді. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ. Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі екенін естен шығармайық .
№48 ЖББОМ мұғалімі Убайдуллаева Сабира АшиновнаҚарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы№48 мектептің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Ермек Ерқанат СаятұлыҚарағанды қаласы,Қазыбек би атындағы аудан бойынша кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-