
Жамбылдық ардагерге көрсетілген құрмет...
Бабаларымыздың қанымен, аналарымыздың жасымен қол жеткен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында барша елімізде қоғамның барлық саласының өкілдері соғыс және тыл ардагерлерінің ерліктеріне тағзым етіп, арамызда жүргендеріне сый құрмет көрсетуде.
Аталған шарадан еңбек адамының беделіне береке дарытып, қам көңіліне қамқоршы болуға құрылған қоғамдық ұйым кәсіптік одақтар да тыс қалмауда.
Кәсіподақ ұйымдарының бастамасымен осындай игі шаралардың бірі қасиетті Әулие ата жерінде өткізілді.
2015 жылғы 23 сәуірде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағаның Жамбыл облыстық ұйымының төрайымы, облыстық мәслихат депутатыГүлсін Орынбаева, Кәсіподақтың Жамбыл аудандық филиалының жетекшісіЕрнар ТәжібаевҰлы Отан соғысының ардагері, 40 жыл саналы ғұмырын білім саласына, оның ішінде 11 жылын кәсіподақ саласына арнаған Жамбыл ауданының «Құрметті азаматы»Бақтыбаев Төлеген МақұлұлынҰлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, лайықты құрмет көрсетті.
Т.Бақтыбаев«Отан соғысы» және «Құрмет белгісі» ордендерімен, ССРО-ның Қазақ ССР-нің Халық ағарту қызметінің үздігі белгілерімен, көптеген Республикалық, облыстық марапттармен мадақталған.
Шараны ұйымадстырушы кәсіподақ көшбасшылары тоқсанның төріне шыққанТөлеген ақсақалдыңжасаған еңбектері мен майдандағы ерліктері туралы «Қазақстан-Тараз»жергілікті телеарнасы арқылы насихаттап, құдай қосқан қосағыРахима әжеекеуіне естелік кәде- сыйлықтар жасап, кәсіподақ тарапынан аймақ шипажайларына тегін жолдама берді.
Төлеген ақсақал адал жары екеуі 11 ұл қыз тәрбиелеп, өсіріп, оларды қиясы мен ұясына қондырған, бүгінде немере-шөберелердің қызығын көріп отырған саялы бәйтерек, қазыналы қария.
Ардагер көрсетілген құрмет үшін ризашылығын айтып, игі де ізгі шараға мұрындық болған кәсіподақ өкілдеріне, жалпы жас ұрпаққа өзінің ақ батасын беріп, шынайы жылы лебізін білдірді.
Кәсіподақ тарапынан Жеңіске қол жеткізген ұлы ұрпақтың өкілдеріне көрсетілетін құрмет ары қарай да өз жалғасын таба бермек....
«Кәсіподақ жаршысы»
газетінің редакциясы
23.04.2015ж.
-
Фото
-